Жексенбі, 26 Наурыз, 2023

Қытайдағы тас көшкіні: 15 адам көз жұмып, 118 адам із-түссіз жоғалды

ҚХР-дың Деси қаласы (Сычуань провинциясының оңтүстік-батысы) маңындағы Синьмо ауылына тас көшкінінің түсуі салдарынан із-түзсіз жоғалғандар саны – 118, қаза болғандар – 15, жарақаттанғандар саны 3 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Синьцзинбао» жексенбі күні басылымы хабарлағандай, сағат 22.00-ге қарай (Астана уақыты бойынша 20.00) құтқарушылар 15 адамның денесін тапты. Табиғи апатқа байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин көшкін астында қалып қойғандарды шығарып алу үшін барлық күштерді жұмылдыруды тапсырды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарымен 3 мың адам мен 150 техника айналысуда. ҚХР ұлттық сейсмикалық орталығының мәліметінше, көшкін Синьмо ауылына 24 маусым күні сағат 05.38-де түсті. 100 секундта түскен массаның көлемі 8 млн текше метрді құрады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button