Өзге валютадағы депозиттің мөлшерлемесі – 1,5 пайыз

Өзге валютадағы депозиттің мөлшерлемесі – 1,5 пайыз

Өзге валютадағы депозиттің мөлшерлемесі – 1,5 пайыз
ашық дереккөзі
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Директорлар кеңесі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті, деп хабарлайды Baq.kz. Жаңадан тіркелген жеке тұлғалардың теңге бағамындағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшері бұрыңғы деңгейде, яғни 14 пайыз көлемінде сақталады. Сондай-ақ, ҚДКБҚ Директорлар кеңесі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап шетел валютасындағы депозиттердің ұсынылған ең жоғары деңгейдегі мөлшерлемесін 1,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. ҚДКБҚ банктік салымдарға, ағымдағы шоттағы қалдық ақшаға және төлем карталарына сыйақы мөлшерінің көлеміне қарамастан кепілдік береді. Айта кетейік, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБҚ) екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылды. ҚДКБҚ жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің барлық депозит түрлеріне кепіл болады, кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы:
  • ұлттық валютадағы салымдар мен банк шоттары бойынша – 10 миллион теңгеге дейін,
  • шетел валютасындағы салымдар және банк шоттары бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.