Жамалиев жуырда бостандыққа шығуы мүмкін

Жамалиев жуырда бостандыққа шығуы мүмкін

Жамалиев жуырда бостандыққа шығуы мүмкін
ашық дереккөзі

Аьышулы кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің сотталу мерзімі қысқарды. Ол ағымдағы жылдың тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы "Время" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлады.

 13 жылға бас бостандығынан айырылған Жамалиев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды. Оның жаза мерзімі 13 жыл емес, алты жыл болып қысқарды. Нәтижесінде 2015 жылдың сәуір айында қамауға алынған кәсіпкер мерзімінің үштен бірін өтеп қойды деуге болады.
Яғни, алты жылдың екі жылын өтеген. Бұл оның мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды сұрауына мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікке ол келесі жылдың күзінде ие болмақ. Ол кезде Жамалиевтің түрмедегі мерзімі 3,5 жыл болады. Алайда Жамалиев өз жазасын жеңілдетуін сұрап, өтініш жазса, одан ертерек те босап шығуы мүмкін. Еске салсақ, бизнесмен тоқалының танысы Әліби Жұмағұловты сыбайластарымен бірге ауыр соққыға жыққаны үшін істі болған еді. Бұл оқиға қоғам арасында қызу талқыға түсіп, кәсіпкер түрмеге қамалған болатын.