Головкин: Спорттан кетуім мүмкін

Головкин: Спорттан кетуім мүмкін

Головкин: Спорттан кетуім мүмкін
ашық дереккөзі
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) алдағы жоспарын әлі айқындамағанын және Канеломен өтетін жекпе жектен кейін спорттық мансабын қорытындылауы мүмкін, деп жазады Boxingscene.com. Қазақстандық былғары қолғап шебері мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін кездесуден кейін спорттан кетуі мүмкін екендігін айтты. «Осы жекпе жектен кейін мүмкін спорттық мансабымды аяқтармын. Бірақ жалғастыруым да ғажап емес. Өзімді жақсы сезінемін. Қазір жасым 35-те болғанымен 25-тегідей сезінемін. Дей тұрғанмен бұл футбол емес, бұл бокс. Ойын емес, шайқас және әрбір шайқас өте қиын», - деді Головкин. Естеріңізге саламыз, Головкин – Альварес кездесуі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.