Енді қарызды әуежайда төлеп, ұшып кетуге болады

Енді қарызды әуежайда төлеп, ұшып кетуге болады

Енді қарызды әуежайда төлеп, ұшып кетуге болады
ашық дереккөзі
Қазақстанның ірі әуежайларында айыппұл төлеу бойынша терминалдар іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Ақтау қалаларының әуежайларында өндірістік қарыздар мен айыппұлдарды тәулік бойы төлеуге арналған терминалдар орнатылды. Алдағы уақытта мұндай терминалдарды республиканың барлық әуежайларына орнату жоспарда бар», - деді ҚР Әділет департаменті сот актілерін орындау департаментінің директоры Ернар Ибраев. Төлеу барысында ұсталатын комиссия 1% - ең кемі 100 теңге. Нәтижесінде, ел аумағынан шығуға шектеулер 15 минут ішінде автоматты түрде алынып тасталады. Бірақ, борышкерлер тізіміне 2015 жылдың шілде айынан кейін енгендер ғана бұл қызметті қолдана алады. Себебі, 2015 жылдың шілдесіне дейінгі шектеулер қағаз жүзінде жарияланған және жүйеге енгізілмеген. Е.Ибраевтың айтуынша, терминал арқылы алимент, шығынды өтеу секілді мерзімді төлемдерді төлеуге болмайды және 2 миллион теңгеден астам төлемдер қабылданбайды. Себебі, олар ҚР Қаржы министрлігінің мониторингіне тиесілі. «Біз Қаржы министрлігіне шектеулерді алып тастау үшін мәселені мүмкіндігінше шешу туралы өтініш жазғанбыз», - деп толықтырды ол.