Тәжік халқының 13 пайызы – кедей

Тәжік халқының 13 пайызы – кедей

Тәжік халқының 13 пайызы – кедей
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік банк (ДБ) баяндамасында соңғы 12 жылда Тәжікстанда кедейшілік 73 пайыздан 31 пайызға қысқарғанын, бірақ тапшылық жоғары, тұрақсыз деңгейде қалып отыр деп мәлімдейді. 
ДБ баяндамасында Тәжікстан банктерімен ынтымақтастықтың жаңа стратегиясы аясында кедейшілік табалдырығын бір күнге 3 доллар 10 центке белгілегені айтылған. Ал күніне 1 доллар 10 центтен аз жарататындарды кедейшілікте өмір сүріп жатыр деп есептеген. ДБ мәліметінше, Тәжікстанның 13 пайыз халқы кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда еш өзгермеген. Ауыл тұрғындарының 81 пайызы кедей. Тәжікстанның статистикалық агенттігі болса елде кедейшілік саны жылдан жылға азайып келеді дейді. «Кедейшілік деңгейі жыл сайын 1 пайызға кеміп отыр. Өткен жылы 0,7 пайызға қысқарды, қазір 31,3 пайызды құрайды», - дейді агенттіктің өкілі Абдували Кулов. Дүниежүзілік банктің бағасы бойынша, 2014 жылға дейін кірістің негізгі көзі еңбек мигранттарының отбасыларына аударған ақшасы болған. Бірақ Ресейдегі экономикалық дағдарыстан көптеген тәжік азаматтары елдеріне қайтқан.