Димаштың Астанадағы концертіне шетелдің атақты әншілері қатысады

Димаштың Астанадағы концертіне шетелдің атақты әншілері қатысады

Димаштың Астанадағы концертіне  шетелдің атақты әншілері қатысады
ашық дереккөзі
Танымал Ресей әншісі мен актрисасы Кристина Орбакайте, сонымен қатар, "Евровидения-2012" байқауының жеңімпазы Лорин қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің "Астана Аренада" өтетін концертінде өнер көрсетеді.  Димаш өзінің Instagram желісіндегі парақшасында 27 маусымда "Астана Арена" стадионында өтетін Bastau live show концертінің афишасын жариялады.  "Менің #Bastau-ымның құрметті қонақтары! 27 маусым Сіздермен кездесуге асықпын! Билеттер Астанадағы барлық кассаларда!", — деп жазған Димаш.