Катар АҚШ-тан жойғыш ұшақ сатып алмақшы

Катар АҚШ-тан жойғыш ұшақ сатып алмақшы

Катар АҚШ-тан жойғыш ұшақ сатып алмақшы
ашық дереккөзі
Катар америкалық McDonnel Douglas F-15 Eagle жойғышын 12 млрд долларға сатып алмақшы. Бұл туралы сәрсенбі күні Reuters агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. Агенттіктің мәлімдеуінше, араб мемлекетінің қорғаныс министрлігінде АҚШ Пентагонының басшысы Джеймс Мэттис және Катар өкілдері сәрсенбі күні кездесіп, екіжақты келісімге қол қоюға тиіс болған. Өз кезегінде әмірлік өкілдері 36 ұшаққа қол жеткізбек. Өткен жылдың 18 қарашасында Катарға 21,1 миллиард доллар тұратын F-15QA маркалы 72 жойғыш ұшақ, түрлі қосалқы бөлшектер мен қару-жарақтар сатылатындығы мәлім болды. McDonnel Douglas F-15 Eagle - Америкада шығарылатын ауа райын талғамайтын төртінші буынның тактикалық жойғышы. Оны McDonnell Douglas компаниясы 1970 жылдың бірінші жартысында жасап шығарды. Оның әр түрінен барлығы 1200 дана шығарылған.