Елбасы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әңгіме барысында Өзбекстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа биылғы 8-9 маусымда Астанаға келген өзбек делегациясына қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылап, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.