Жексенбі, 26 Наурыз, 2023

Жыл басынан бері 137 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді

Жылдың басынан бастап, 137 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді, деп хабарлайды 24.kz арнасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Енді азаматтар дайын болған жүргізуші куәлігін кез келген халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарының  мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дайын жүргізуші куәлігін алу үшін күтуі қажет емес. Бұл үшін жаңа жүргізуші куәлігін  ресімдеу кезінде клиент өтініш толтырып, онда дайын құжатты алу ыңғайлы болатын бөлімнің нөмірі мен мекен-жайын көрсетуі тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өндіріс қызметін үйлестіру жөніндегі басқарушы директоры Шоқан Әбділмановтың айтуынша, пилоттық жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және мамандандырылған ХҚКО-лардағы кезекті азайтуға мүмкіндік береді. «Астана, Алматы және Шымкент жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін  азаматтардың көптеген саны жүгінетін үлкен қалалар екенін білеміз. Бүгінгі күннен бастап олар дайын құжатты алу үшін кезек күтпейтін болады. Олар оны мамандандырылған ХҚКО-да берілген қолхатты көрсетіп, өздеріне ыңғайлы кез келген ХҚКО-да ала алады», – деді Шоқан Әбділманов.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мамандандырылған ХҚКО – Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодарда, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында, сондай-ақ екі мамандандырылған ХҚКО секторы Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жұмыс істейтінін де айтып өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button