"Халық банк" акциясын Қытай корпорацияларына сатады

«Халық банкі» Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен күйеубаласы Тимур Құлыбаев бірге иелік ететін «АЛМЭКС» холдингінің құрамында. Ерлік-зайыпты Құлыбаевтар америкалық Forbes журналы жариялайтын әлемнің ең бай адамдары тізіміне кірген. Журналдың мәліметінше, Құлыбаевтардың байлығы төрт миллиард доллардан асады.
«Халық банк» транзакция аяқталған соң Altyn Bank-тің 40 пайыз акциясына ие болып қалатынын және «белгілі бір құқықтарды» пайдалана беретінін айтады.