Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы бола ала ма?

Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы бола ала ма?

Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы бола ала ма?
ашық дереккөзі
Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы болуы ықтимал.  Бұл туралы Nur.kz сайты "Рейтинг" газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен ТМД елдері Сыртқы істер министрлерінің мәжілісіне қатысқан Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осындай ұсыныс білдірді. Яғни, министр 2020 жылы Шымкент қаласын ТМД-ның мәдени астанасы ретінде белгілеу туралы ойын жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін 2012 жылы Астана қаласы, 2014 жылы Алматы қаласы иеленген болатын. Сонымен бірге, келер жылға ТМД-ның мәдени астанасы болып Арменияның Горис қаласы, ал 2019 жылы Беларустің Брест қалалары белгіленген. Жалпы,  ТМД-ның мәдени астанасы жобасы 2012 жылдан басталған болатын. Ең алғашқы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесі Астанаға бұйырған. Ал биылғы жылы бұл атақты Әзірбайжанның Гянджа қаласы иеленіп отыр.