Трамп Катарды араб лидерлерінің қысымынан құтқаруға дайын

Трамп Катарды араб лидерлерінің қысымынан құтқаруға дайын

Трамп Катарды араб лидерлерінің қысымынан құтқаруға дайын
ашық дереккөзі
АҚШ көшбасшысы Дональд Трамп Катар әмірі Тамим бин Хамад әл-Танимен телефон арқылы сөйлесіп, Парсы елдеріндегі дағдарысқа көмектесуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Ол сонымен бірге Катарды исламшылдардың қаржыландыру көзін жабуға жұмыс істеуге шақырды. Таяуда Трамп твиттерге Катарды оқшаулау "терроризмді жоюдың басы" деп жазған болатын. Бірақ соған қарамастан АҚШ қорғаныс министрлігі Пентагонның Катармен қарым-қатынасы үзілмейді деп мәлімдеді. Мекеме Трамптың жазғанына түсініктеме бермеді. 5 маусымда Египет, Сауд Арабия, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн және Ливия Катармен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді. Араб лидерлерінің мәлімдеуінше, Доха Иранға және радикалды исламшылдарға көмек көрсетіп отыр. Катар болса, бұл айыптауларды мойындамайды.