219
Сирия бойынша келіссөз кейінге шегерілді
Сирия бойынша келіссөз кейінге шегерілді
Сирия бойынша келіссөз кейінге шегерілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеп отыр.
Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздердің кепілгер елдері Астана процесі аясында кезекті кездесудің күн тәртібін сарапшылық деңгейде келісуге ниетті. «Астана процесінің кепілгер елдерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Ресей, Түркия және Иран тараптары таяу күндер мен апталарда өздерінің астаналарында тиісті мәселелер тұрғысында сарапшылық деңгейде кездесулерді жалғастырады. Бұл ретте Сириядағы шиеленісті төмендету бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, сондай-ақ жауынгерлік іс-қимылдарды доғару режімін күшейтуге қатысты қадамдарды келісу шаралары қамтылады»,-деді Жайнақов.
Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта кепілгер елдер Сириядағы ахуалды реттеу бойынша бірлесе әзірленген мерзімдерді, үдеріске қатысушылар жайында және Астана процесінің кезекті кездесуінің күн тәртібі тұрғысында қазақстандық тарапты ақпараттандырып отырады.
Бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия ахуалын бейбіт реттеу бойынша Астана процесінің бесінші кезеңінің алдын ала датасын хабарлаған болатын.
«Алдын ала жоспарда ресейлік әріптестеріміз келіссөздер бойынша өздерінің серіктестеріне 12-13 маусымда Астанада жиналуға ұсыныс жасайтындығын бізге хабарлаған еді»,-деді министр.