322
Кәсіпқой боксшы өз спорт кешенін ашуға Қарағандыға келді
Кәсіпқой боксшы өз спорт кешенін ашуға Қарағандыға келді
Бүгін Қарағандыға өзінің атындағы спорт мектебінің ашуға Қазақстанның мақтанышы кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келді. Өзінің атындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) кешеннің ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Салтанатты шара барысында жас спортшылар өздерінің бірінші жаттығуын кешеннің түрлі залдарында атақты спорт шеберлерімен бірге өткізді: Николай Цой, Николай Снегуров, Елена Котова, Дастан Аяпбек, Василий Черников.
Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені Майқұдықтағы Белинский көшесінің бойында бой көтерді. Нысанның құрылысы 2014 жылы басталды. Ғимараттың жалпы ауданы - 2384,3 шаршы метр.