Астанаға екі елдің басшысы келді

Астанаға екі елдің басшысы келді

Астанаға екі елдің басшысы келді
ашық дереккөзі
229
Бүгін Астанаға екі бірдей елдің басшысы келді. Астанада бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінің жұмысы басталады. Астанаға ресми сапармен Қытай төрағасы Си Цзиньпин және Ресей федерациясының президенті Владимир Путин келді, - деп хабарлайды РИА Новости. Негізгі іс-шаралар жұмаға белгіленген, ал 8 маусымда қатысушыларға салтанатты бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл күні қонақтардың құрметіне арналған концерт өтеді. Астанадағы саммиттің негізгі шарасы - ұйымға Үндістан мен Пәкістанның қосылуы. Осыған байланысты Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдрахманов саммитті тарихи саммит деп атап, ШЫҰ-ның аймақтағы ең ірі ұйымдардың бірі ретіндегі маңызы осы аталған елдер енгеннен кейін арта түсетінін айтты. ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының 17-ші Кеңесінде бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған. Мемлекет басшылары Астана декларациясына қол қояды, ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы іс-қимыл Конвенциясы қабылданады. Жалпы алғанда 11 құжатқа қол қойылады. Келіссөздер кеңейтілген құрамда да, жеке құрамда да өтеді делінеді. Сондай-ақ, мемлекет басшыларының ШЫҰ жағдайына баға беріп, міндеттерді бекітіп, ұйымның даму перспективаларын анықтайды. Астанадағы саммит қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұйым қызметінің экономикалық мазмұнын нығайту қажеттігін атап өткен еді. "Қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымы жұмысының оң қарқыны "Жаңа Жібек жолы" бағдарламасының дамуына байланысты болып отыр. Бұл бағдарламаға ұйым мүшелерінің барлығы, ең алдымен, Қытай Халық Республикасының жақын көршісі - Қазақстан қолдау көрсетуде", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев. Бейсенбіде Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Екі ел көшбасшысы Ақордада кездеседі делінеді, ал кейін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің территориясына барады. Мұнда олар Қазақстан-Қытай телекөпіріне қатысады. Тараптар сауда, экономика, қаржы, су шаруашылығы және басқа да салаларда бірқатар келісімге қол қояды деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары