Мұхтар Әблязов 20 жылға бас бостандығынан айрылды

Мұхтар Әблязов 20 жылға бас бостандығынан айрылды

Мұхтар Әблязов 20 жылға бас бостандығынан айрылды
ашық дереккөзі
756
Мұхтар Әблязов 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімі бойынша БТА-банкінің экс-басшысы20 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.  Бас бостандығынан айырумен қатар оның мүлкін тәркілеу және 300 АЕК көлемінде айыппұл салу, сондай-ақ, банктерде қызмет етуге 3 жылға тыйым салу жазасы тағайындалды. Ол барынша қауіпсіздендірілген жаза өтеу мекемесінде өтеуі тиіс. Айта кетейік, Әблязовтің өзі процеске қатыспады, оның мүддесін мемлекеттік қорғаушы қорғады. БТА басқарма төрағасының экс-орынбасары Сәдуақас Мәмеш 5 жылға шартты түрде сотталып, банк ұйымдарында қызмет ету құқығынан 3 жылға айырылды. Мәмеш өз кінәсін сотта толықтай мойындаған. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары - Кредит комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетовті сот 5 жылға шартты түрде соттауға үкім кесті. Мұнымен қатар, ол банк ұйымдарында қызмет ету құқығынан 3 жылға айырылды. Ол да қылмысын толықтай мойындаған. Кінәсін ішінара мойындаған кредиттеу жөніндегі директор Қайрат Садықов 15 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Оған 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды және банк ұйымдарында қызмет ету құқығынан 3 жылға айырылды. 2017 жылдың 24 мамырында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БТА Банкіндегі қаражат жымқыру ісі бойынша сот отырысы өтті. Мемлекеттік айыптаушы Мұхтар Әблязовті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Серіктес жаңалықтары