Катарға ультиматум қойылды. Мерзімі – 24 сағат

Катарға ультиматум қойылды. Мерзімі – 24 сағат

Катарға ультиматум қойылды. Мерзімі – 24 сағат
ашық дереккөзі
210
Сауд Арабиясы Катарға ультиматум қойды. Мерзімі - 24 сағат, бірнеше талаптар осы уақыт ішінде орындалуы тиіс. Алайда орындалмаса не болары ашып айтылған жоқ деп жазады Вести.Экономика басылымы. Басылымның мәліметінше, дипломатиялық дағдарыстан кейін Катар саяси тұрғыдан оқшауланып қана қоймай, мұнай экспорттау мүмкіндігінен айырылды. SkyNews Arabia Сауд Арабиясының Катарға 10 шарт қойғанын хабарлайды.  width= Сондай-ақ, БАҚ-тарда Сауд Арабиясының басты қойған талабы - Катардың Хамас ұйымымен және "Ағайынды мұсылмандар" ұйымымен қарым-қатынасын тоқтатуы екені айтылады. Ультиматум орындалмаған жағдайда не болатыны әзірше белгісіз. Ал Al Jazeera басылымы Кувейт әмірі Шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Әл-Сабахтың Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдул Азизбен жүргізген келіссөздерден кейін араб елдері мен Катар арасындағы жағдайды бейтараптандыру үшін Сауд Арабиясынан кетіп қалғанын айтады. Кувейт әмірі Катар басшысы шейх Тамим бен Хамад Әл-Таниден жағдайды ушықтырудан аулақ болуды сұрады. Сонымен қатар, Кувейт әмірі жағдайды ушықтыратын шешім қабылдамауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары