Астанаға Джеки Чан келді

Астанаға Джеки Чан келді

Астанаға Джеки Чан келді
ашық дереккөзі
Астанаға Джеки Чан келді. Оны Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Джеки Чанды әуежайдан күтіп алды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жөргенбаева Фейсбуктегі парақшасында «Қала әкімі әйгілі актерды қарсы алды», - деп жазды. «Оскар» сыйлығының иегері Джеки Чан 7 маусымда Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде.  Еске сала кетейік, Джеки Чан қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді Қытайдағы «Мен әншімін» байқауында қолдаған болатын. Өз кезегінде Димаш Құдайберген Джеки Чанды «үлкен ағам» деп жазған еді.