Жарты жылдан бері жалақы алмаған азаматтар наразылық білдірді

Жарты жылдан бері жалақы алмаған азаматтар наразылық білдірді

Жарты жылдан бері жалақы алмаған азаматтар наразылық білдірді
ашық дереккөзі
Шымкентте көпқабатты  пәтер салып жатқан жүздеген құрылысшы жарты жылдан бері жалақы алмаған, – деп хабарлайды Астана арнасы. «Адия» тұрғын үй кешенінде құрылыс жүргізіп жатырмыз деген жұмысшылар соңғы рет ақшаны өткен жылдың қыркүйегінде берген еді дейді. Ал одан бергі жарты жылда  қолдарына бір тиын да тимепті. Табан ақы, маңдай терін талап етіп жүрген «КазHiTechEuroBuilding» құрылыс компаниясының  жұмысшылары. Ұзын саны жүзден астам адамның қатарында қарапайым жүргізуші, дәнекерлеушілерден бөлек білдей прорабтар да бар. Бұл жұмысшылар Шымкенттегі Тұран шағын ауданында 1,5 жылдан бері көп қабатты үй тұрғызуға атсалысып жүр. Былтыр күзден бері жалақы көрмедік дейді. Құрылысшылардың кейбірі алашағымыз 1,5 миллион теңгеге жуықтайды деп отыр. Ал ең аз дегенінің өзі 400 мың теңгесін даулап жүр.  2016 жылы компанияда қаржылық қиындықтар туындап, біраз адам ақысыз еңбек демалысына жіберілген екен. Ал сәуірде жұмыс беруші ауысыпты. Жалақы аламыз деген үміттен гөрі үрей басым дейді ашынған құрылысшылар. Осы серіктестіктің өкілі болған Ахметжан Сәбденов есімді азамат телефон арқылы негізгі мәселе шоттардың бұғатталғанында деп түсіндірді. «Бас мердігер шоты арест болғаннан кейін басқа ген подрядчикті қойып, сонымен жұмыс жүріп жатыр. Ал мынау жұмысшылар сол КазХайТЕК-тен ақшаларын шот ашылғаннан кейін алады.Самұрыққа байланысты, сол жақта ақшасы ауысып, проектісі ауысып сөйтіп жатыр. Сонымен, қашан ашылады шот сол уақытта алады», – дейді құрылыс компаниясы бастығының бұрынғы орынбасары Ахметжан Сәбденов.