Сегізінші алтын: Айбек Оралбай әлем кубогін жеңіспен аяқтады

/
Сегізінші алтын: Айбек Оралбай әлем кубогін жеңіспен аяқтады
Фото: sports.kz

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) чемпион атанды, деп хабарлайды turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Ол финалда германиялық Никита Путиловпен кездесті. Төрешілер шешімімен қарсыласынан басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді. 

Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай (80 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) күміс алса, Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары