Ұлытау облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

/
Ұлытау облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты
istockphoto

Ұлытау облысындағы шахтада жұмысшы биіктіктен құлап қаза болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға "Qarmet" компаниясының еншілес "Өркен" ЖШС кәсіпорнында болған. Қайғылы жағдайдың болғанын облыстық еңбек инспекциясы растап отыр. 22 жастағы жұмысшы биіктіктен құлап кеткен.

"Қайғылы оқиға үш күн бұрын болды. Құрамында жұмыс берушінің өкілі, кәсіподақ, кәсіпорын қауіпсіздігі комитеті және еңбек инспекциясы департаментінің мамандарынан арнайы комиссия құрылды. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Бізге түскен хабарламада жұмысшы биіктіктен құлап кетті делінген", - деп жауап берді Sputnik Қазақстан тілшісіне мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Жасұлан Рүстемов.

Оның айтуынша, кәсіпорындардағы жарақат алу көбіне жұмыс берушілердің жұмысты дұрыс ұйымдастырмауынан, содан кейін жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары