Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017″ халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді», – делінген Ақорда сайтында. Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті.