Авиация академиясы тікұшақ пилоттарын оқытып шығарды

Авиация академиясы тікұшақ пилоттарын оқытып шығарды

Авиация академиясы тікұшақ пилоттарын оқытып шығарды
ашық дереккөзі
364
Алматыдағы Азаматтық авиация академиясы тікұшақ басқаратын алғашқы түлектеріне куәлік тапсырды. 3 жыл бойы білікті мамандардан тәлім алған жігіттер соңғы сынақтан сүрінбей өтті деп жазады Хабар24. Ардагер ұшқыштар қатары сирей бастаған соң елімізде тікұшақ мамандарының тапшылығы байқала бастады. Өйткені Кеңес одағы ыдыраған соң тікұшақ мамандарын даярлайтын арнайы оқу орындары біздің елде болмады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында 2014 жылы Алматыдағы Азаматтық авиация академиясы тікұшақ басқаратын ұшқыштарды даярлауды қолға алған болатын. Кәміл Әмірқұлов, «Қазавиақұтқару» АҚ қауіпсіздік инспекциясының басшысы: - Азаматтық авиация академиясында бұрын бәрі ұшақ ұшқышы болып бітіретін. Ал бұл түлектер Қазақстанда тұңғыш рет тікұшақ ұшқышы оқуын тәмамдады. Жалпы Қазақстанда вертолет бітірген жігіттер өте аз. Сол себептен авикомпанияларда ұшқыштар жетіспей жатыр. Боралдай әуежайындағы Оқу орталығында алғашқы 6 түлек бүгін емтихан тапсырды. Олардың барлығы сынақтан сүрінбей өтіп, ардагер ұшқыштардың қолынан куәлік алды. Айбек Алтынбек, Академия түлегі: - Басында қиын болды. Алғашқы кездердерде үйрену. Бастапқы 15 сағатын ұшу біраз қиындық тудырды. Келе келе бәрі келді уақытпен. Үш жыл оқыдым. Ұшып үйрендім жақсы 135 сағат. Бүгінде тікұшақты тізгіндегісі келетін студенттердің қатары артып келеді, дейді мамандар. Азаматтық авиация академиясының лғашқы түлектері бүгін куәліктерімен қоса «Қазавиақұтқару» компаниясына жұмысқа қабылданды. Енді ұшқыш болуды армандаған жастарға академияға оқуға түсіп, діттеген мақсатына жетуге мүмкіндік бар.

Серіктес жаңалықтары