218
Астаналықтар әкімге тікелей хабарласа алады
Астаналықтар әкімге тікелей хабарласа алады
ЭКСПО-2017 қарсаңында «Astana Innovation» АҚ әлемдік Google, Apple және Tesla Motors компанияларымен бірігіп Smart Astana қосымшасының жаңа версиясын әзірледі.
Мәселен, енді қосымша Tesla автомобилімен үйлескен, Астана жолдарындағы жағдайды ескере отырып, қолайлы бағыт таңдап береді. Сондай-ақ, тестік режимде «Астана әкіміне хабарласу» тетігі жұмыс істейді. Жаңа қызметтің бета-тесті 4 маусым күні өткізілді. «Хабарласу үшін қолданушы ЖКК арқылы өзін тіркеуі керек», - деп хабарлады әзірлеушілер.
Smart Astana мобильдік қосымшасы Android платформасында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қолжетімді болады. Қосымшаны енгізу қала тұрғындарының әкіммен жеке кездесуге қажеттіліктің пайда болуында.
Аталмыш қосымша арқылы тұрғындар әкіммен 6 жеке кездесу өткізіп, 30-40 рет телефон арқылы сөйлесе алады. Айта кетейік, қосымша әлеуметтік желідегі үндеулерді азайтады. Әңгімелесу таспасы мұрағатта 3-6 ай сақталатын болады.