"Нұрлы жол" вокзалы алғашқы пойызды қарсы алды

"Нұрлы жол" вокзалы алғашқы пойызды қарсы алды

"Нұрлы жол" вокзалы алғашқы пойызды қарсы алды
ашық дереккөзі
264
«Нұрлы жол» теміржол вокзалы халықаралық бағыттағы алғашқы пойызды қарсы алды. Осылайша Самарқанд пен Астананың арасын байланыстыратын бұл бағдар туризмнің дамуына сеп болмақ. Жаңа пойыз аптасына бір рет қатынайтын болады. «Самарқанд-Ташкент-Астана» бағытындағы алғашқы пойыз елорданың жаңа вокзалына келіп жетті. Әзірге жолаушыларды маусым айынан тамызға дейін тұрақты түрде таситын болады. Аталған бағыт екі ел басшыларының келісімімен жүзеге асып отыр. Жұбан Көрпебаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ дирекциясының атқарушы директоры: – Аталған маршрут екі мың шақырым қашықтықты 36 сағатта жүріп өтеді. Екі қала арасын тікелей байланыстыратын пойыз аптасына бір рет жүйткитін болады. Осылайша, жаңа вокзал EXPO көрмесіне бірінші туристерін қарсы алып жатыр. «Самарқанд-Астана» бағытындағы жаңа пойыз Ташкент-Сарыағаш-Шымкент-Тараз-Шу-Сарышаған-Қарағанды бекеттерін басып өтеді. «Жолаушылар қатары артатын болса, бағыт-бағдар келіскен уақыттан ұзартылады», – дейді мамандар. Әлішер Абдуллаев, «Өзбекстан темір жолы» АҚ жолаушылар басқармасының жетекші маманы: – Қазір билет құнын екі елде де алдын ала алғандандарға 35-тен 40 пайызға дейін жеңілдік жасап жатырмыз. Бүгінде 335 жолаушы келді. Барлығы – 9 вагон, оның біреуі – мейманхана, біреуі – екі орындық жайлы орын. Қалғандары – купе вагондары. Айта кету керек, биыл наурыз айында «Алматы-Ташкент» бағыты бойынша жаңа «Тұлпар-Тальго» жүйрік пойызы жолға шыққан болатын.  

Серіктес жаңалықтары