Ақмола облысындағы су тасқынының шығыны - 200 миллион теңге

Ақмола облысындағы су тасқынының шығыны - 200 миллион теңге

Ақмола облысындағы су тасқынының шығыны - 200 миллион теңге
ашық дереккөзі
595
Ақмола облысында көктемгі су тасқынынан қатты зардап шеккен үш ауданның шығыны есептелді - шамамен 200 миллион доллар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аудандық әкімдіктердің мәлімтінше, Атбасар ауданында 650нысан су астында қалған. 467 үй апатты деп танылған, 36-сы қирап қалған. 168 үйді қайта жөндеуге болады. Келтірілген залал мөлшері 165 миллион теңге. Сандықтау ауданында 252 үй тексерілді. 39 үй апатты деп танылды (қайта жөндеуге келмейді) Онда шығын көлемі - 70 миллион теңге. Целиноград ауданында 28 тұрғын үй су астында қалып, апатты деп танылған. Келтірілген залал мөлшері 18 миллион 400 мың теңге. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің отбасына қайта келтіру жұмыстары мен құрылыс жұмыстарына қаржылай көмек көрсетілуі үшін бюджеттік қордан алуға арыз берілген. Ақмола облысында "Қазақ тілі мен мәдениеті" қоғамдық қоры біріңғай көмек беру үшін қайырымдылық мақсатында су тасқынынан зардап шеккендердің ортасыларына бүгінгі күнде 86 миллион теңге жинаған. "Менің айтайын дегенім, қазақстандықтар осы жағдайға бей-жәй қарамады. Жеті облыстың тұрғындарынан қаражат түсті. Әр түрлі сомалар болды. Бес жүз теңгеден 12 миллион теңгеге дейін болды. Қаражаттың көп бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысынан түсті", - деді қордың төрағасы Мейрамбек Киіков.

Серіктес жаңалықтары