Өскемен жағажайларының жағдайы нашар

Өскемен жағажайларының жағдайы нашар

Өскемен жағажайларының жағдайы нашар
ашық дереккөзі
278
Шығыс Қазақстан өңірінде 1 маусымнан бастап, шомылу науқаны ресми түрде ашылды. Алайда төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерінің мәліметтерінше, Өскемендегі үш жағажайдың біреуі де жаңа науқанға дайын емес болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының өкілдері хабарлады. Облыстың судан-құтқару қызметінің маманы Анатолий Рожковтың сөзінше, олар қызмет ететін мекеме өкілдері жағажайларды тексерген. Сонда анықтағаны иелері тиісті жұмыстармен айналысып жатқанымен жағажайларды жаңа науқанға уақытында дайындап үлгермеген. Қаланың аумағында үш жерде суға түсуге рұқсат берілген. Олар: Сол жағалаудағы саябақ маңындағы көгілдір көлдер аумағы, Октябрьский ауылындағы қалалық жағажай мен рудалық емес металдар комбинатының жаны. Соңғысы жуырда ғана иесіз қалды. Сот өкілдері оның иесін жағажайды талапқа сай ұстамағаны үшін жалға алу құқығынан айырған болатын. Осыған байланысты аталмыш орын әзірге пайдалануға берілген жоқ. Шомылу науқаны бүгіндері ашылатындығына қарамастан өңірде 6 адам суға батып кетті. Олардың екеуі балалар, деп хабарлады төтенше жағдайлар саласының өкілдері.    

Серіктес жаңалықтары