Балаларды қорғаудың халықаралық күні қызыққа толы болды

Балаларды қорғаудың халықаралық күні қызыққа толы болды

Балаларды қорғаудың халықаралық күні қызыққа толы болды
ашық дереккөзі
306
Алматыда Балаларды қорғаудың халықаралық күні аталып өтті. Алматы парктерінде қаланың кішкене тұрғындарына арнайы бағдарламалар ұйымдастырылды. Концертте әнші-бишілермен қатар аниматорлар да балаларды қуанта білді. Сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы Орталық мәдениет және демалыс паркінде үш мыңға жуық балаға балмұздақ таратылды. 1-маусымда дүниежүзінде Балаларды қорғаудың Халықаралық күні аталып өтеді. Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматыда бұл мереке биыл керемет өтті. Мысалы, Орталық паркте балаларға арналған тосынсыйлар ұсынылып, барлық жерде музыка мен баланың күлкісі басылған жоқ. Кіреберістің өзінде-ақ балаларды сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері қарсы алып, оларды концерт алаңындағы конкурс, би, ойындар алаңына апарды.  width= Айтқандай, Балалар күнінде балалардың өзі сахна төрінде өнер көрсетті. Ал ересектер тек құттықтауларымен бөлісті. Әрине, ешбір мерекенің тәтті тағамсыз қызығы болмайды. Мерекенің демеушілерінің бірі – "Шин-Лайн" компаниясы балаларға тегін балмұздақ таратты. Қазақстандықтарға танымал "Бомба" балмұздағы кішкене әртірстерге, оқушыларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үш мыңнан астам балмұздақ үлестірілді. – Мен негізі балмұздақты ұнатпаймын, бірақ бүгін қарап тұра алмадым. Ауа райы керемет болды, бұл мереке нағыз балалық шақтың дәмін елестетті. Кішкентай қазақстандықтарды мерекесімен құттықтаймын, – деді "Бозторғай" халықаралық байқауының директоры Қарлығаш Әбдікәрімова.

Серіктес жаңалықтары