266
Ғалымдар мумияның ДНК-сын анықтады
Ғалымдар мумияның ДНК-сын анықтады
Макс Планк институтының ғалымдары 90 египеттік мумияның ДНҚ-сын анықтады.
Олар марқұмдардың бальзамдалғанына қарамастан, олардың денесінде генетикалық материалдың сақталып қалғанын дәлелдеді.
Science хабарлауынша, зерттеуге Каирдан 100 шақырым жердегі ежелгі қоныстан табылған мумиялар қолданылған.
Сараптама нәтижесі бойынша ежелгі қоныстан табылған ДНҚ, қазіргі Таяу Шығыс, әсіресе Леванттың тұрғындарының ДНҚ-сына ұқсас болып шықты.