299
Банктер құрылыс компанияларына кредит беруден қорқады
Банктер құрылыс компанияларына кредит беруден қорқады
Банктер құрылыс секторындағы өзінің позициясын әлсіретіп жатыр. Себебі кредиторлар қазірдің өзінде мерзімі өткен қарыздар көбейіп кете ме деп қорқады деп жазады “The Qazaq Times”.
Еnergyprom.kz агенттігінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың наурыз айының соңында құрылысқа берілген банктік кредиттердің көлемі 961,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 3,8%-ға төмен. Ал соңғы үш жылда құрылыс саласына берілген қарыз үлесі 34%-ға қысқарған. Дегенмен банк тарапынан кредит беру деңгейі төмендегенмен, биыл құрылыс қарқыны жоғары болып отыр.
Мысалы 2017 жылдың 4 айында Қазақстанда 305 көппәтерлі үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстарғанда 35%-ға, өткен 5 жылға қарағанда 53%-ға жоғары. Агенттіктің есептеуінше, құрылыс саласында банктердің ұзақмерзімді қарыз портфелінің үлесі 2014-2015 жылдар аралығында бірден 26%-ға төмендеген. Одан кейінгі жылдарда 5%-ға азайған.
Негізі құрылыс компанияларын ұзақмерзімді кредиттеу тапшылығы қысқамерзімді қарыз көлемін өсіру арқылы реттеліп отыратын, алайда соңғы екі жылда мұндай қаржы көздерінің де үлесі азайып кеткен.
Сондай-ақ, құрылыс компанияларының төлем қабілетінің төмен болу қауіпі жоғары болғандықтан кредиторлар оларға қызығушылық танытып отырған жоқ.
Себебі 2016 жылдың екінші жартысында құрылыс компанияларының мерзімі өткен қарыздары көбейе бастаған. Ал 2017 жылдың наурыз айында құрылыс компанияларына берілген қарыздардың 12%-ның мезімі өткені анықталған.
Еnergyprom.kz агенттігінің айтуынша, егер банктер тарапынан кредит беру бұлай қысқара беретін болса "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуы біраз бәсеңдеуі мүмкін. Айта кетейік, бағдарлама аясында алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасыға тұрғын үймен қамтамасыз етілу керек.