Алматы қаласындағы Абай даңғылында қозғалыс өзгереді

Алматы қаласындағы Абай даңғылында қозғалыс өзгереді

Алматы қаласындағы Абай даңғылында қозғалыс өзгереді
ашық дереккөзі
876
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Алматы метросының "Сарыарқа" бекетінде жер асты жүргінші жолының құрылысына қатысты көлік қозғалысы сызбасына өзгерістер енетінін айтты, - деп хабарлайды Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.  "2017 жылдың 1 маусымынан Абай даңғылы бойындағы "Family park" аумағының батыс және шығыс бағыттарында көлік қозғалысы оңтүстігінде орналасқан бұрыннан бар айналма жол арқылы жүзеге асады; қозғалыс әр бағыт бойынша үш жоқ арқылы қамтамасыз етіледі; жақын орналасқан көшелердегі көлік қозғалысы бұрынғы кесте бойынша жүреді. Уақытша келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз және Өз бағыттарыңызды ертерек белгілеп алуды өтінеміз", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар. "Достық" (Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында) және "Сарыарқа" (Family Park аумағында ) метросы 2020 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары