Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Алматы метросының "Сарыарқа" бекетінде жер асты жүргінші жолының құрылысына қатысты көлік қозғалысы сызбасына өзгерістер енетінін айтты, - деп хабарлайды Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. "2017 жылдың 1 маусымынан Абай даңғылы бойындағы "Family park" аумағының батыс және шығыс бағыттарында көлік қозғалысы оңтүстігінде орналасқан бұрыннан бар айналма жол арқылы жүзеге асады; қозғалыс әр бағыт бойынша үш жоқ арқылы қамтамасыз етіледі; жақын орналасқан көшелердегі көлік қозғалысы бұрынғы кесте бойынша жүреді. Уақытша келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз және Өз бағыттарыңызды ертерек белгілеп алуды өтінеміз", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар. "Достық" (Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында) және "Сарыарқа" (Family Park аумағында ) метросы 2020 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Жүктелуде...