Қазақстан алтын қоры көп 15 елдің қатарына енуі мүмкін

Қазақстан алтын қоры көп 15 елдің қатарына енуі мүмкін

Қазақстан алтын қоры көп 15 елдің қатарына енуі мүмкін
ашық дереккөзі
268
Ұлттық банк алтын қорын көбейтуді жалғастыра береді. Банк төрағасы Данияр Ақышевтың сөзінше, бас банк ішкі нарықта алтынды сатып алу құқығынан бас тартпай, резервтерді толтыратын болады. "Біз өзіміздің нарықтағы тазартылған алтындарды сатып ала береміз. Мен отандық өндірушілердің амбициясын білемін. Мәселе металды өндіру және қайта өңдеуде болып отыр. Оның үстіне біз алтын өндіретін ұйымдарға, яғни алтындарды тазартатын компанияларға аванс беруді бастадық. Осылайша біз өзі ісімізді жалғасыра береміз", - деді банкир. Ақышевтің сөзінше, Ұлттық банктің портфелінде 260 тонна алтын бар. "Егер жұмыс қарқыны сақталса, алдағы он жыл ішінде біз алтын қоры ең көп 15 елдің қатарына кіруіміз мүмкін", - дейді Ұлттық банк төрағасы. Айта кетейік, осыған дейін World Gold Council 2017 жылдың 1 мамырында Ұлттық банктегі алтын валюталы резервтің қоры 267,7 тонна болғаны туралы ақпарат жариялаған. Елдің халықаралық резерв құрылымындағы үлесі - 35,7% және қор көлемі бойынша 21 орында. Ал 2016 жылы 254,7 тонна алтын болған.  

Серіктес жаңалықтары