29 Сәуір 2015, 14:31 3539 0 Руханият "Түркістан" газетінің авторлары

Студенттердің айтыскерлігі қазылар алқасын тәнтті етті

 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған айтыс студенттер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылды. «Төл тарихым – тамырым» деп аталатын сөз сайсы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінде өтті. Жыр додасына жоғары оқу орындарының іріктелген айтыскер ақындары қатысты.

Айтысқа ақын Әбдіғани Бәзілхан, кәсіпкер Бектұрған Зейнелұлы бастаған бірнеше кәсіпкер қаржылай демеушілік жасаған. «Бұл жыр додасын жас ақындардың талантын шыңдай түсу үшін және рухани төл қазынамыз айтысты насихаттау үшін ұйымдастырып отырмыз. Тарихи ұлы тұлғаларды, батырларымызды, билерімізді, Алаш ардақтыларын ұлықтап, ерліктерін насихаттай отырып, жастарды отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу мақсатын көздедік», ­– дейді ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова.

Суырып салма жыр бәйгесін қазаққа танымал айтыскер Айбек Қалиев жүргізді. Жас ақындардың алма кезек айтысы үш сағатқа ұласып, төрт жеңімпазға  жүлде табысталды. Сөз сайысын айтыс жанашыры, ақын Жүрсін Ерман, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып тең төрағалық еткен, құрамында журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, профессор Айгүл Ісмақ, айтыскер ақын Қайрат Құлмұхамет   бар қазылар тарзыға салды. Аламан айтысқа аяқ басқан жастардың ынтасы қазыларды тәнтті етті. Топтан озған Алтынбек Ибрагимов пен Аят Жәнібек ІІІ орын, айтыскер Ерзат Әрін II орын, Айдана Қайсабек І орын жүлдесін қанжығасына байлады. Ал, қарсыластарына қапелімде ұтқыр сөзбен қарымта жасаған Айтбек Тұрсынбаев бас жүлдені иеленді.

Алғаш рет студенттер арасында ұймдастырлса да, ақындар Қазақ хандығының құрулы тарихына терең бойлап,  жауһар сөздің өнернегін кестеледі. Жас ақындардың білмпаздығына сүйінген Жүрсін Ерман, айтыскер Айбек Қаливтер аламанда томаға тартуға әзірленген жастарға ақ тілекерін айтып, батасын берді.

Айжан Тоқшылықова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

журналистика факультетінің 3-курс студенті

Соңғы жаңалықтар