Енді алтын құймалар сатып алуға болады

Енді алтын құймалар сатып алуға болады

Енді алтын құймалар сатып алуға болады
ашық дереккөзі
246
Ұлттық банк болашақта ақша айырбастау пунктінде алтын құймаларды сату мен сатып алуға рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл үшін заңнамаға өзгертулер енгізу керек деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақышев алтын құймаларды халыққа сату бағдарламасы іске қосылғанын мәлімдеді. Азаматтар салмағы 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларды 126 мыңнан 1 миллион 260 мың теңгеге дейінгі бағада сатып ала алады. Бірінші сатып алушы Нұрсұлтан Назарбаев болды, ол құйманың төрт түрін де сатып алған. Алтын бағасы әлем биржаларындағы жағдайға байланысты болады. Халық алтынды граммен өлшейтіндіктен, граммдық өлшем белгісі таңдалды. "Негізгі ойымыз ликвидті және белсенді нарықты іске қосу. Алтын құйманы сатып алу да, сату да оңай болады. Банктер мұндай алтындарды алғашқы талап бойынша шектеусіз сатып алуға міндеттеледі", - дейді Ақышев. Ақышевтің мәліметі бойынша, бағдарламаның алғашқы қатысушылары "Халық банкі" және "Еуразиялық банк". алтынды Астана, Алматы, Өскемен және Атырау қалаларынан сатып алуға болады. Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бедерлі қыр) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы ораумен шығарылады. Қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыптау сақтау және орауын ашпау ұсынылады. "Орауы бүтін болса, банк оны еш сараптамасыз сатып алады. Ал орауы ашылған болса, банк сараптама жасайтындықтан, көбірек уақыт жұмсайсыз", - дейді Ақышев.  

Серіктес жаңалықтары