250
Мұнай бағасы төмендеп барады
Мұнай бағасы төмендеп барады
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды саудада әлем бойынша мұнай бағасы төмендеп жатыр, бұған осы сауданың мәліметтері дәлел.
Бұл туралы gazeta.ru хабарлайды. WTI маркілі жеңіл мұнайдың шілдедегі фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,60% арзандап, барреліне 49,36 долларға дейін жетті.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайының шілдедегі фьючерстері 0,37% төмендеп, барреліне 51,65 долларды құрады.