Әзірбайжан банкіндегі қаржыны үш жолмен қайтаруға болады

Әзірбайжан банкіндегі қаржыны үш жолмен қайтаруға болады

Әзірбайжан банкіндегі қаржыны үш жолмен қайтаруға болады
ашық дереккөзі
248
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-минстр Бақытжан Сағынтаев 2014 жылдың қазанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған салымшылардың ақшасы үнемі бақылауда болатындығын жеткізді. Аталмыш қордың топ-менеджерлері Әзербайжан халықаралық банкіне қомақты қаржы салған. Оның мөлшері 250 млн АҚШ доллары. Ал жақында аталған банк соттан өзін банкрот деп тануды сұрағаны белгілі болған. Салдарына қазақстандықтардың 250 млн доллары шетелден қайтпай қалуы мүмкін деген мәселе туындаған болатын. Алайда Үкімет басшысы бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап отырғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестицияға алынған ақшаға қатысты. Яғни Халықаралық Әзербайжан банкіндегі облигациялар бойынша айтатын болсам, аталмыш сұрақ қоғам арасында қызу талқыға түсуде. Сондықтан Үкімет отырысында осы мәселеге тоқталуды жөн көрдік», - деді ол. Осыған қатысты Бақытжан Сағынтаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі меншік иесі мемлекет екендігін айта келе, шетелге инвестицияланған қаржыға мемлекет кепілдік беретінін атап өтті. «ҚР зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» заңына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ Үкіметке тиесілі. Сондықтан мемлекет салымшылардың зейнетақы жарнасына кепілдік береді. Осы мәселеге қатысты Үкімет Қазақстан азаматтарының зейнетақы активтерінің қауіпсіз болуына тікелей мүдделі. Үкімет өзінің арнайы өкілдерін тағайындады. Яғни Премьер-министрдің өкілі. Мен өзім әзербайжандық әріптесім әрі премьер-министрмен сөйлестім. Ол маған банкінің барлық кредиторларына ақшаны қайтаруы үшін барлық жағынан қолдау көрсететіндігін жеткізді», - деді ол. Сонымен қатар Үкімет басшысы Қаржы министрінен арнайы есеп беруді сұрады. «Осы жылдың 23 мамырында Лондонда шетелдік кредиторлар мен Ұлттық Банк, Үкімет мүшелерімен кездесу кезінде алынған қарыздың нақты қалай қайтарылатыны жөніндегі шарттар айтылды. Бақыт Тұрлыханұлы (Қаржы министрі – автор) мен сізге арнайы тапсырма берген болатынмын. Яғни сіз Әзербайжанның қаржы министрімен аталмыш мәселе жөнінде сөйлесуіңіз қажет болған. Осы туралы айтып берсеңіз», - деді ол. Бақыт Сұлтанов аталмыш мәселені үнемі бақылауында ұстап отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Халықаралық Әзербайжан банкіне берілген 250 млн доллардың қазіргі таңда 50 млн доллары қайтарылған екен. «Бақытжан Әбдірұлы, 2014 жылдың қазанында БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері потрфелінен Әзербайжанның халықаралық банкіне 250 млн долларға құнды қағаздар сатып алынды. Қолданыстағы мерзімі 10 жыл. Купондық мөлшерлемесі 8,25%. Инвестицияға жұмсалған қаражаттың сол уақыттағы мөлшері 45 млрд теңгені құраған. Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін БЖЗҚ қосымша сыйақы ретінде Әзербайжанның халықаралық банкінен 15 млрд теңге көлемінде қаражат алды. Бұл инвестицияға жұмсалған қаражаттың 3-тен бір бөлігі. Бұл ақшаны доллармен есептегенде 52 млн долларды құрайды», - деді ол. Сонымен қатар Қаржы министрі әзербайжандық әріптесімен сөйлескендігін алға тартты. «Сіздің тапсырмаңыз бойынша әріптесім, Әзербайжанның қаржы министрі, осы мәселеге жауапты өкілімен үнемі байланыстамын. Оның түсіндіруінше, Әзербайжанның ұлттық валютасы манаттың құнсыздануына байланысты аталмыш халықаралық банк өз кредиторлары алдындағы міндетті орындай алмай отыр. Бұл сұрақ Әзербайжан үкіметінің қатаң бақылауында. Әріптестеріміздің растауы бар. Яғни Әзербайжан тарапы аталмыш Халықаралық банкі кредиторлары алдындағы қарызды өтеуі үшін барлық талапты қабылдайды. Біз Ұлттық банк пен Үкімет мүшелерінің тиісті ақпаратты беріп отыруын сұраймыз. Біздің тарапымыздан негативті нәтижелердің алдын алу мен салымшылардың мүддесін қорғау, негізгі қарыз 250 млн долларды қайтару сияқты сұрақтар бойынша жұмыс жүргізу. Бұл біздің келісілген негізгі позициямыз», - деп түйінде сөзін Бақыт Сұлтанов.    

Серіктес жаңалықтары