БАҚ саласындағы Президент сыйлығына құжат қабылданады

БАҚ саласындағы Президент сыйлығына құжат қабылданады

БАҚ саласындағы Президент сыйлығына құжат қабылданады
ашық дереккөзі
 2017 жылға БАҚ саласындағы Қазақстан Президентінің сыйлықтары мен гранттарын алуға, сондай-ақ Алғысын жариялауға ұсынымдар қабылдау жалғасуда. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбукте хабарлады. Сыйлықтар мен гранттар алуға кандидатураны БАҚ, кәсіподақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Шығармашылық ұжымдар Президент Алғысын алуға үміткер бола алады. 1997-2016 жылдары   Президент сыйлығына БАҚ саласынан 55 адам, грантты 59 жас журналис иеленді. Осы кезеңде Президенттің Алғысы 38 шығармашылық ұжымына жарияланды. Оның ішінде 16 баспа басылымы, 15  телерадио компания бар.