Таразда жол бойында жүгенсіздік танытқандар жауапқа тартылмақ

Таразда жол бойында жүгенсіздік танытқандар жауапқа тартылмақ

Таразда жол бойында жүгенсіздік танытқандар жауапқа тартылмақ
ашық дереккөзі
Таразда соңғы қоңыраудан кейін айыздары қанғанша көңіл көтермек болған мектеп бітірушілердің басы дауға қалды. Көлік терезесінен белуарына дейін шығып, даңғаза әуенмен көшені басына көтерген түлектер мен оларды тасыған көлік жүргізушілері жауапқа тартылатын болды. Бейнежазбаны әлеуметтік желіден көргендер түлектердің бұл қылықтарын сөгіп, жерден алып, жерге салған еді. Ертесі-ақ, қымбат машиналардың қос қапталында жанұшыра айғайлап, қиқуға басқандардың тараздағы №48-ші мекетептің бітірушілері екені анықталды. Енді екі түлек әкімшілік жауапқа тартылатын болды. Таяқтың бір ұшы білім ошағы басшысына да тиетін түрі бар. Сондай-ақ, екі гелендвагенді тізгіндеген жүргізушілер де әкімшілік жазаға тартылмақ. Себебі, екеуі де апатты жағдай туғызып, әрі тасымалдау ережесін өрескел бұзған. Бір айта кетер жайт, жүргізушілердің бірі әлі көлік жүргізу куәлігін алмаған да болып шықты.