Кәсіпкерлерге қысым азайды

Кәсіпкерлерге қысым азайды

Кәсіпкерлерге қысым азайды
ашық дереккөзі
371
Денсаулық сақтау министрлігі бизнесті қолдайды. Сонымен қатар кәсіпкерлікке санитарлық-эпидемиологиялық тараптан қысым болмауын көздейді. Осы мақсатта рұқсат ету құжаттарының санын 92%-ға, ал ерекше тәртіп бойынша тескеруді 28%-ға қысқартты. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин хабарлады. Бұдан былай талап етіліп келген 81 құжаттың орнына тек жетеуі қалды. Тексерудің бұрын санитарлық қызмет қолданбаған балама түрлері енгізілді. Бұл қызмет көрсету сапасын жақсартуға, әкімшілік кедергілерді болдырмауға, мемлекет пен жекеменшіктің арасындағы әріптестікті нығайтуға септігін тигізбек. Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары: - Олармен біз саяси-ағарту жұмысын жасаймыз. Бір реттік тексерудің ешқандай тиімділігі жоқ. Олар өзін-өзі тексермесе, ешқандай пайда болмайды. Бізге кәсіпкерлер алдын ала хабар береді. Егер ондай хабарламаны бермесе, біз тексереміз.

Серіктес жаңалықтары