Қазақстанның саясаттағы басымдықтары Еуропа журналына басылды

Қазақстанның саясаттағы басымдықтары Еуропа журналына басылды

Қазақстанның саясаттағы басымдықтары Еуропа журналына басылды
ашық дереккөзі
250
Еурокомиссияның ресми ресурсы – EU reporter журналы Қазақстанның таяу жылдардағы жаңа мақсаттары туралы материал жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Материалда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Жолдауында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелері қаузалған. EU reporter журналы келтірген дерегі бойынша, Еуропалық одақ ҚР-ның дамыған 30 елдің қатарына кіруі амбициясын толықтай қолдайды және Қазақстанның дамуын Еуропа мен өңірлердің өсіп өркендеуі үшін қажеттілік ретінде қарастырады. Бельгиялық депутат Марк Тарабелла Қазақстанның наурыз айында қабылданған конституциялық реформасына қолдау білдірді және EU reporter тілшісіне «Президент ел институттарындағы демократиялық өзгерістерге есік ашқысы келетін сияқты», - деп пікір білдірген. Сондай-ақ, журналда жарияланған мақалада гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемдегі үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару, Қазақстанның киелі орындарын ұлттық деңгейде дамыту мен Қазақстанның заманауи мәдениетін әлемге паш ету бағыттарындағы басымдылықтары айтылған.    

Серіктес жаңалықтары