Нотариустар азаяды

Нотариустар азаяды

Нотариустар азаяды
ашық дереккөзі
187
Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанда нотариалдық қызметтің көлемі азая түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы, елімізде нотариалдық қызмет көлемі кеміп бара жатқанын атап өткен жөн. Бұл енді шарасыз нәтиже. Технологиялар дамыған сайын, нотариалдық қызмет қысқара береді. Нотариалдық қызмет дегеніміз не? Бұл қандай да бір оқиғалар мен фактілерді куәландырып, растауды білдіреді. Қазіргі кезде нотариусты шақырғанша, видеоны жаза салу арзанға түседі. Алдағы осы тектес технология дами түседі, сондай-ақ біздің азаматтық-құқықтық айналымда қолданысы тереңдей береді. Бұл - бірінші тренд. Екіншіден, рәсімдерді жеңілдету жүріп жатыр. Яғни нотариалдық куәліктің, құжаттар көшірмесінің және түрлі құжаттардың қажеттігі азайып келеді», - деп түсіндірді министр. 2011 жылы нотариат туралы заңнамаға елеулі өзгертулер енгізілгенін еске салып өткен Бекетаев, оның нәтижесінде нотариалдық корпус 1 980-нен 4 70-ке дейін артқандығын, негізгі өсім 2012-2014 жылдарға тиесілі екенін жеткізді. Бұл ретте нотариустар санының артуы олардың жұмысының сапасы мен заңдылығына оңтайлы ықпал етті. Оның сөзіне қарағанда, дұрыс бәсекелестіктің арқасында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен олардың халық үшін қолжетімділігі жоғарылады.    

Серіктес жаңалықтары