Әзірбайжанның кредиттік рейтингі белгілі болды

Әзірбайжанның кредиттік рейтингі белгілі болды

Әзірбайжанның кредиттік рейтингі белгілі болды
ашық дереккөзі
202
Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Әзірбайжанның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді кредитік рейтингін бағалап, "BB+/B", деңгейінде қалдырды. Мұндай мәліметті елдің қаржы министрлігі таратты. "Агенттік Әзірбайжанның кредиттік рейтингін кезектен тыс бағалау кезінде "BB+/B" деңгейінде қалдырды. Мұндай бағалаудың басты себебі Әзірбайжан халықаралық банкінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау мәселесі болды", - дейді Қаржы министрлігі. S&P мамандарының сөзінше, ЖІӨ-ге шаққандағы Әзірбайжанның сыртқы қарызының өсімі 2017 жылдың қаңтарында елдер рейтингін бағалау кезінде есепке алынған. Сондықтан ӘХБ-ға қатысты жағдай әзірге Әзербайжанның рейтингіне әсер ете қоймайды. Бұған дейін ӘХБ 3,3 млрд доллар қарызды қайта құрылымдау үшін Нью-Йорк сотына өздерін банкрот деп тану туралы өтініш жіберген. Сот бұл істі 7 маусымға шегерді. Еске салайық, Әзірбайжанның бұл банкіне қазақстандықтардың 71,3 млрд теңгеге жуық зейнетақы жинағы салынғаны туралы хабарланған. Осыдан соң Әзірбайжан билігі проблемалы банкке салынған қазақстандық зейнетақы қаржысы қайтарылатынын мәлімдеген. Дегенмен ӘХБ қарызды қайтарудың тиімсіз үш нұсқасын ұсынып отыр.  

Серіктес жаңалықтары