229
"Карл Винсон" Корей түбегінен кетеді
"Карл Винсон" Корей түбегінен кетеді
АҚШ әукери теңіз күштерінің аты шулы «Карл Винсон» ұшақтасмалдығыш кемесі Оңтүстік Корея теңіз аумағынан осы аптада кетеді деп хабарлайды Bloomberg басылымы.
Басылымның мәліметінше «Карл Винсон» кемесі осы аптада Оңтүстік Кореяны тастап, Сан-Диего портына бет алмақ. «Карл Винсон» Сан-Диего портына бармас бұрын жолда Гавай аралдарына аялдайды деп күтілуде. Бірақ бұл жайында АҚШ әскери теңіз күштерінің басшылығы ешқандай ресми мәлімдеме жасамаған.
АҚШ әскери теңіз күштерінің «Карл Винсон» ұшақтасмалдағыш кемесі Корей түбегіне сәуірдің 29 күні келген. Оның келуімен Корей түбегіндегі жағдай одан сайын ушығып, Солтүстік Корея қажет болған жағдайда АҚШ-қа қарсы ядролық қару қолданытынын мәлімдеген болатын. АҚШ оған жауап ретінде Оңтүстік Корея аумағына TAAHD зымыранға қарсы құрылғысын орнатып, қажет болса Солтүстік Корея зымырандарын сынақ алаңынан әуеге көтерілген жерінен атып түсіреміз деген болатын. Бірақ Солтүстік Корея АҚШ-тың да, Жапонияның да, Қытайдың да, БҰҰ-ның да, жасаған ескертулеріне қарамастан баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізуін тоқтатқан жоқ .