«Самсунг» компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесінің жаһандық әріптесі атанды

«Самсунг» компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесінің жаһандық әріптесі атанды

«Самсунг» компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесінің жаһандық әріптесі атанды
ашық дереккөзі
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы және «Samsung Electronics Central Eurasia» арасында ынтымақтастық туралы ресми шартқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Самсунг» компаниясы ынтымақтастық шеңберінде сомасы 8 млн еуро көлемінде ЭКСПО-2017 көрме кешенін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Компания ЭКСПО корпоративтік павильонында орналасады. Бұл жерде көрме қатысушыларының ашық әрі тиімді жұмыстары үшін коворкинг-орталығы ашылмақшы. Коворкинг-орталығы форумдар, конференциялар мен бизнес кездесулер өткізу үшін іскерлік алаңына айналады. ЭКСПО-2017 аясында «Самсунг» компаниясы жалпы алғанда 15 конференция, 15 аспаздық шеберлік сабағы және 100-ден астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ көрме кезінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен «Самсунг» компаниясы бірлесіп бірқатар маркетингтік шаралар өткізіп, жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың жетекші өндірушісінің саудалық өнімін көрме логотипімен брендтеуін жалғастырады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Shell, Siemens, Cisco, General Electric, Saint Gobain, Citic Group, Каспий құбыр жүргізу консорциумы, Росатом және басқа да компаниялар көрме әріптестері мен демеушілері атанды.