Қазақ ата кәсібіне орала ма?

Ежелден мал шаруашылығын кәсіп еткен қазақтың қорасы қарадан, қазаны еттен босаған емес. Қызыл тістемесе ас ішкен құрлы болмайтын халқымыз «ет дегенде бет бар ма» дейді әзіл-шынын араластыра. Десе де, соңғы уақытта ел тұрғындарының ет тұтыну көрсеткіші айтарлықтай кеміген. 2015 жылы Қазақстанда жан басына шаққанда 58,6 келі ет желінсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 53,8 келіге дейін азайған. Мамандар мұны 2016 жылы ет бағасының күрт қымбаттауымен түсіндіреді. Жуырда еліміздің 9 облысынан Қытайға жылқы, сиыр еті тонналап жөнелтіле бастайды. Яғни ет құны тағы да көтеріледі деген сөз. Бұған нәсібін осы кәсіптен тауып отырған шаруалар қуанғанымен, етті базардан келілеп сатып алатын қарапайым тұтынушылардың уайымы күшейді.

Алматы қалалық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың сәуір айында ет және ет өнімдері 2,2 пайызға қымбаттады. Атап айтқанда, қой еті – 6,4 пайызға, сиыр еті – 3,6 пайызға, жылқы еті – 1,5 пайызға өсті.

Ет бағасының қымбаттауы өзге қалалар үшін де таныс жағдай. Бұрын еліміздегі ет құны ең арзан шаһар Талдықорған болса, қазір қымбатшылық ондағы жұрттың да қалтасын жұқартты. Өткен жылдың күзінен ақырындап 1 келі-­сі 150-200 теңгеге өскен ет, көктемде шарықтап 1600 теңгеге бірақ жетті, яғни шамамен 25 пайызға қымбаттады. Бұл – сиыр мен қой етінің бағасы. Ал нарықта жылқы еті бұрыннан қымбат. Сондықтан қазақ оны күнделікті тұтына бермейді, мереке күндері, той-томалақта сыйлы қонағының алдына ғана қояды.

Ақтөбеде де ең өтімді сиыр еті 400-500 теңгеге дейін қымбаттаған. Қымбатшылық Қарағандыны да айналып өткен жоқ. Мұнда 400 теңгеге өскен сиыр еті 2000 теңгеден сатылуда. Ал жылқы етінің бір келісі – 2,5 мың теңге. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі бойынша елімізде көш бастап тұрған Оңтүстік Қазақстан облысында да ет өнімдерінің құны өскен. Қой, сиыр, жылқы етінің келісі 200 теңгеге көтерілген. Баға өскелі Шымкент базарларында ет іздегендердің қарасы сейілген көрінеді.

Ет бағасы Астанада да аспандап тұр. Өзге өңірлермен салыстырғанда мұнда сиыр еті бұрыннан айтарлықтай қымбат болатын. Өткен жылы 1400-1500 теңгеден сатылған ірі қара етінің бағасы қазір 2 мыңнан асып кеткен. Ал павлодарлықтар бүгінде сиыр етінің бір келісін 1500-1600, жылқы етінің келісін 2500-2700 теңгеге сатып алады. Яғни, еттің бағасы өткен жылғыдан 300-400 теңгеге қымбаттаған. Елдің қалтасы мұндай салмақты көтере бермейтіндіктен, кейбірі ас мәзірінен ет қосылған тағамдарды азайтса, енді бірі қоғамдық орындарда тамақтанудан бас тартуда. Себебі жағдайды пайдаланған асхана иелері түскі, кешкі астың құнын шарықтатып жіберген. Мысалы, бұған дейін мантының бір данасы 90-120 теңге аралығында болса, бүгінде 110-140 теңгеге дейін қымбаттаған. Ет қосылған өзге тағамдарда да осындай айырмашылық байқалады.

Ауылдағы ағайын мұның себебін жем-шөптің қымбаттығымен түсіндіреді. «Шыны керек, ауыл тұрғындарының барлығының дерлік етті базарға апарып, сатуға мүмкіндігі жоқ. Ол үшін тиісті құжаттар қажет екені белгілі. Сол себепті сатып алушылар ұсынған бағаға келісеміз. Жаңа жыл қарсаңында сиыр етінің бір келісін 900-950 теңгеден тапсырсақ, ақпан айынан бері 1100-1200 теңгеден өткізіп жүрміз. Өткен жылы шөп аз шығып, оны қымбатқа сатып алдық. Шаруалардың көбінің қорасында мал азығы ерте таусылып қалғандықтан, қайтадан қымбат бағаға сатып алуға тура келді. Ет құнының өсуінің бір себебі осы, – дейді Павлодар облысы Ақтоғай ауданының тұрғыны Төлеген Адамов.

Ал делдалдардың уәжі басқа. Талдықорғандық саудагерлердің айтуынша, ет құнының қымбаттауына экспорттың ұлғаюы себеп. «Елімізде ет азая бастады. Себебі сыртқа көп жіберіле бастады. Мысалы, Ресейге, Қытайға. Тіпті АҚШ-та Қазақстаннан келген ет өнімдеріне әуес деп естідік. Экологиялық таза өнім деп бағалайды екен біздің етті. Шетел тұрмақ, мына тұрған Алматының өзі етті Талдықорғаннан алып кетіп жатыр. Бізде Алматының төңірегіндегі ауылдардан гөрі еттің көтерме бағасы арзанырақ. Сондықтан алматылық алыпсатарлар біздің етті көтеріп алып кетеді. ЭКСПО-ға келетін туристер үшін де Талдықорғанның еті тонналап тасымалданбақ. Өйткені бізге келетін фермерлердің ет өнімдері сапасы жөнінен өзге өңірлерден көш ілгері. Бұл облыс шаруалары үшін тиімді-ақ. Алайда ет азайған сайын ішкі баға көтеріле береді», – дейді Құралай Амангелдиева есімді саудагер.

Мақсат – қытайлық нарыққа 50 мың тонна ет шығару

Ет бағасының шарықтауы қазіргі деңгеймен тоқтап қалмайтын сияқты. Мамандардың болжамынша, сиыр етінің бір келісі базарда жеті доллардан, яғни 2300 теңгеден сатылуы мүмкін. Өйткені Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің 9 облысынан Қытайға сиыр етін жіберуге сақадай сай отыр. Мақсат – қытайлық нарыққа 50 мың тонна ет өнімдерін шығару. Ведомствоның мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында атқарған шаруалары жөнінде өткен аптада Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов есеп берді. Ол тоңазытылған сиыр етін Қытайға жіберуге кедергілердің жойылғанын жеткізді. Яғни, еліміздің 9 облысынан мал шаруашылығы өнімдеріне аусылға қатысты шектеу алынды. Ал әзірге Қызылорда, Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары бұл тізімге енгізілмей отыр. Себебі онда алдыңғы жылдары мал ауруы көп тіркелгендіктен, вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық эпизоотиялық бюро аталмыш өңірлерде қолданылатын шараларға тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы 2017 жылғы 25 мамырда Парижде ХЭБ Бас Ассамблеясының отырысында қаралады. Егер халықаралық эпизоотиялық бюро рұқсат берсе, еліміздің барлық аймақтары әлемдік нарыққа өз өнімдерін шығара алады.

Ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту арқылы сыртқы нарықта қазақстандық ет өнімдеріне сұраныстың артуына қол жеткізіп отырмыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі арнайы әзірленген Экспорт бойынша жол карталары шеңберінде импорттаушы елдер – ҚХР, Иран, Израиль, Сауд Арабиясы, БАӘ және Кувейт талаптарына сәйкес отандық регламенттер мен сертификаттарды үйлестіру мәселелерін реттеді. 2017 жылдың сәуірінде қытайлық сарапшылар ветеринарлық қызмет аудиті мен Қазақстан кәсіпорындарына тексеру жүргізді, соның нәтижесінде Қытайға асыл тұқымды жылқылар мен омарташылық өнімдерін экспорттауға рұқсат алынды. Жыл соңына дейін министрлік қытайлық нарыққа мұздатылған қой етін жеткізу бойынша талаптарды келісуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, салқындатылған қой етін экспорттау бойынша келіссөздер жалғасуда.

Мұнымен қоса, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Қайрат Айтуғановтың айтуынша, Иранға қой еті мен тірі қойларды экспорттауға ветеринарлық талаптарды келісу шаралары аяқталуға жақын. Біріккен Араб Әмірліктерімен ірі және ұсақ қара мал, тауық жұмыртқасын экспорттау үшін ветеринарлық сертификаттар келісілген.

Үкімет отырысында айтылған бұл жаңалықтарды БАҚ арқылы естіген саудагерлердің көңілі алаң. Қазірдің өзінде базарда малдың да, еттің де бағасы аспандап тұр. Ал экспортқа шығарсақ ішкі нарықта жетіспеушілік болып, ет шарықтап кетеді деп қауіптенеді. «Қытайлар еліміздің еті дәмді екенін білсе, бізден ет сұрайды да отырады. Сонда еттің құны шарықтау шегіне жетеді. Сонда біз өз тұтынушыларымызға қандай бағамен сатамыз? Халық қазіргі бағаның өзін қымбатсынып, сауда жасауды азайтты», – дейді алматылық кәсіпкер Сайлау Қожамқұлов.

Мал бағу абыройсыз кәсіп пе?

Отандық ет өнімдеріне сырттан сұраныс артқанына саудагерлер қуана қоймағанымен, төрт түліктен нәсібін тауып отырған шаруа қожалықтарының келер күннен үміті еселене түсті. Дөңгелетіп отырған кәсібінің нәсібі көбейсе, қысы-жазы тыным көрмейтін бейнетті еңбегінің табысы көбейсе, шаруа қуанбағанда кім қуанады? Өсірген түлігін, одан алынатын өнімдерді еліміздің түкпір-түкпірінен, қала берді шетелден саудагерлер келіп келілеп емес, тонналап артып әкетіп жатса, мал баққанның ісіне қызығушылық та артар еді-ау. Екі қолға бір күрек, бір құрық ұстамай-ақ күректеп ақша тапқысы келетін жастардың ойы өзгерер ме еді, кім білсін?! Береке мен байлық Шопан ата, Зеңгі бабалардың ізін жалғағандардың шаңырағында екенін көрсе, қазақтың ата кәсібін менсінбеген, қой бағуды ар санаған, даланың дарқан жазығын қаланың қуықтай бөлмесінде айырбастап жібергендер қателескенін түсінер.

Ет қымбаттаса, ел ет жемей қалады деп экспорттық мүмкіндіктерден бас тартатын болсақ, мал шаруашылығын дамытамыз, еліміздегі мал басын көбейтеміз деп жанталасу бекершілік. Асылы, стратегиялық таңдау жасағанда, ертеңін ойлайтын мемлекет көз жететін жердегі аласа асуларға емес, оның ар жағындағы биік белестерге бастайтын жолды таңдайды. Мал шаруашылығы өнімдеріне сұраныс артса, ішкі нарықта сең қозғалады. Бәсеке күшейеді, сапа артады. Тауар өндірушілер көбейеді. Тауар өндіруші деп нарық тілімен әдіптеп отырғанымыз – малшы. Қазір мал баққысы келетін жасты табам деу бос әурешілік. Өйткені ешкім таңның атысынан күннің батысына дейін дала кезіп, малдың соңында жүргісі келмейді. Кәсіптің бейнеті ауыр болғанымен, көптен көрер құрметі аз. Қой бағуға құлықтылар кеміп, мал бағымы қиындаған соң ірі қожалық иелері осы күні нәсіпті басқа саладан іздей бастағаны құпия емес. Сондай сәтте айнала қоршаған ауылда қолға құрық ұстар жан табылмағаны ма деп таңданасың. Бірақ шындығы сол. Жуырда өзінің шаруа қожалығын автоматтандырылған сүт сауу жүйесімен жабдықтаған кәсіпкер еңбек­ақысы 200 мың теңгелік жұмысқа маман таппағанын естідік. Яғни, заманауи шаруашылықта, басынан күн, табанынан сыз өтпейтін жайлы жерде жұмыс істеуге ешкім құлық танытпаған. Бұдан кейін ашық аспан астында мал бағу туралы сөз қозғамай-ақ қойсақ та болар. Сонда ата кәсібімізден жерігеніміз бе? Әрине, мал бағу оңай емес. Қыстың қысқа күнінде суару, жемшөбін беру, қоражайды тазалау сияқты таусылмас машақаты бар. Жазда ми қайнаған аптапта жайылымға жаясыз. Бірақ қай жұмыстың да қиындығы бар емес пе? Әлде, малшы болу абыройсыз кәсіпке айналды ма?

Бір сауалдың соңынан туындаған он сауалдың жауабын бір мақаланың шеңберінен іздеген біздің әрекетіміз бос әурешілік болып көрінер, бәлкім. Мәселені жіпке тізе бергенмен, оның бәрі өздігімен шешіліп кетпесі анық. Жаманды айтып қара бұлтты төндіре бергенше, жақсыны көрсетіп, нәсібі молдың ісін көпке үлгі еткеніміз әлдеқайда пайдалырақ болар деген оймен мал шаруашылығының игілігін көріп отырған азаматтың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы ірі қара мал бордақылаумен айналысатын «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Сырым Ертаевтың тәжірибесімен бөліскенді құп көрдік. «Оңтүстік Қазақстан» газетіне берген сұхбатында ол мал шаруашылығынан мол табыс табудың жолын айтып берді.

Отыз бұқаң болса, 30 мың  доллар қалтаңда!

Сырым Ертаев өз бизнесін осыдан он шақты жыл бұрын 4 серіктесімен бірігіп бастаған екен. Алғашқы қадамын олар 80 бұқадан бастапты. 80 бұқа бүгінде 5 мыңға жеткен. Соның арқасында ауылдың біраз азаматтары осында өзіне тұрақты жұмыс тапты.

Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылында қазір мал бордақыламайтын отбасы аз. Өйткені бұл – өңірдегі ең несібелі кәсіптің бірі. Мысалы, бұқаның тірі салмағы 350 келіге жетсе, мемлекет сізге 20 мың теңге субсидия төлейді. Мал санын көбейтіп, өндірісті күшейте түсу мақсатында «Қайып ата» ЖШС жанынан «Ханшайым» атты ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Дәл осындай тағы 2 кооператив құрылмақшы. Серіктестік енді құрама жем шығаратын зауыт ашуды қолға алып жатқан жайы бар.

– Үйде бағылатын қарапайым өгіздердің салмағын оларға жем-шөбін дұрыс берсе ғана 350 келіге жеткізуге болады. Ол кезде оның бағасы 350 мың теңгеден немесе мың доллардан кем тұрмайды. Отыз бұқа ұстасаңыз, 30 мың доллар қалтаңызда, – дейді С.Ертаев.

Шымкент қаласының іргесіндегі Қайнарбұлақ ауылында ет комбинаты тұрғызылған. Шаруалар союға жарайтын малдарын осында әкеп етке өткізе алады. Ал ақшасын сол арада қолма-қол санап береді немесе арнайы есепшотына аударып жібереді. Ет комбинаты мен ауылдар арасында мал таситын арнайы көлік жүргізіледі. Шаруалар үйінде бордақылаған азын-аулақ малын осы көлікке тиеп жібере алады.

– Қазір Шымкенттен арнайы орталық салғалы жатырмыз. Онда мал оқшауланып бағылады. Мұндай орталықта өндірілген еттің сапасы мен тазалығы барлық ветеринарлық талаптарға сай келетіндіктен, бұл өнімді Ресей былай тұрсын, Еуропа елдеріне экспорттауға мүмкіндік туады. Ал әзірге Өзбекстан, Иран секілді мемлекеттерге жөнелтуге мәжбүрміз. Біздің осы жобамызға 20 кәсіпкер қолдау білдіріп, инвестиция салуға дайын отыр, – дейді Сырым Ертаев.

Серіктестік өткен жылы көрші өзбек ағайындарға біраз ет өткізсе, биыл ирандық кәсіпкерлер де Қазақстанның сапалы етіне қызығып, келісімшарт жасасуға өздері келіпті. Статистикаға сәйкес, 80 миллиондай халқы бар Иран елінің тұрғындары жылына 1 млн 300 мың тонна қой етін тұтынады екен. Бұдан бұрын оны Аустралия мен Грузиядан импорттаған Иран енді толықтай Қазақстан нарығына көшуді ұйғарып отыр. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан күніне 9 тонна қой, 20 тонна ірі қара мал етін сатып алғысы келеді.

– Қазақстанда қазір 18 миллион қой, 6 миллион ірі қара бар. Ендеше, Иранға ет жөнелтуден қиындық көрмеуіміз керек. Ірі қараның біраз бөлігін еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінен сатып алып келеміз. Әдетте, малды базарға сатарда алдымен бірнеше күндей күтіп-баптаймыз. Семіз мал бізде жақсы өтеді, ал ирандықтар далада жайылып өскен малдың еті дәмді әрі табиғи таза болатындықтан, өрісте жайылып жүрген қойларды арық болса да алғысы келеді екен. Олардың өз денсаулығына бейжай қарамайтыны бізді таңқалдырды, – дейді кәсіпкер.

Сырым мырзаның сөзінің жаны бар. Отандық өнімге қызығушылық көбейген сайын еңбек етуге құлшыныс та арта түсуі тиіс. Қолы жыбырламағанның аузы жыбырламайтынын ұғатын кез келді.

Редакция таңдауы

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...
186861320 978957252643477 8102261037098391248 n 1

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры...
black and red kyobi arts cool presentation 14

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі...
Бельгер

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде...

Жаңалықтар

Түркістан облысы әкімінің орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді. «Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің...

«Nur Otan» Айда Балаеваға анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында қайтыс болды. "Nur Otan" партиясы Орталық аппаратының ұжымы министр Балаева Аида Ғалымқызына,...

Елордада қай жерлерде шомылуға рұқсат берілді – ТЖД жауабы

Нұр-Сұлтан қаласында халық суға түсетін 23 орынның үшеуінде ғана шомылуға ресми рұқсат берілген. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. «Статистика бойынша, қазіргі уақытта судан қаза...

Бос жұмыс орны: Алматыда қоғамдық көлікке 800 жүргізуші қажет

Қазір қаладағы қоғамдық көліктерге шамамен 800 жүргізуші жетпейді. «Алматыда 800 жүргізуші тапшы. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігін болдырмау үшін тасымалдаушылар жүргізушілерге жағдай жасауы қажет (облыста тұратын...

Көкшетауда 12 жастағы бала жүргізген көлік апатқа ұшырады

Көкшетауда көлік жүргізген 12 жасар бала жол-көлік апатына түсті, деп хабарлады  Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. «17 мамырда кешкі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының 50...

Анасы қылмысты жасырған: 8 жасынан бері зорланып келген қызға қатысты іс қозғалды

Алматы облысының тұрғыны немере қарындасын 8 жасынан бері зорлап келген деп айыпталды, ал қыздың анасы бәрін білген, бірақ жасыруға тырысқан. Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей...

«Сергектің» айыппұлын жойып беремін»: жарнама берген адам ұсталды

Әлеуметтік желіде «Сергектің» айыппұлын жойып беремін деген жарнама пайда болған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексерді. «Нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып,...

Карантин: елімізден 13 мемлекетке әуе рейсі орындалады

Қазақстаннан халықаралық бағыттар бойынша аптасына 13 елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейстері орындалады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналындағы мәліметке...

Шөкеевтің орынбасары қамауға алынды

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп...

Аида Балаеваның анасы дүние салды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында өмірден өтті, бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму...

Әсел Айтпаеваның ісі: Тағы екі қыз адам саудасының құрбаны бола жаздаған

Тағы екі қыз адам саудалады деген күдікке ілінген Әсел Айтпаеваның жездесінің құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды BaigeNews.kz Astana TV-ге сілтеме жасай отырып. Бұл туралы...

28 мамырдан бастап чек берілмегенін хабарлағандарға сыйақы беріледі

Үкімет төлем қабылдауға арналған құрылғыны пайдалану ережелерін бұзу фактілері туралы хабарлайтындарға сыйақы төлеу туралы ереже бекітті, деп хабарлайды zakon.kz. Ережеге сәйкес, сауда орындарында чек берілмегені,...

«Сатпас бұрын бюджет ақшасына күрделі жөндеу жүргізген». Түркістан қаласының әкімдігінің ғимараты арзанға сатылып кеткен

Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлері отырған ғимаратты қала басшылығы нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан бағаға сатып жіберген. Оған қоса, әкімдік ғимаратты сатпас бұрын бюджеттің ақшасына оны...

18 мамыр қандай оқиғалармен есте қалды?

1992 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапармен барды; 1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның...

Мамин вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін нақтылауды тапсырды

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, қазір коронавирус жұқтыру деңгейі төмендегені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Дегенмен, "қызыл аймақта" 6 өңір тұр: Нұр-сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды,...

Ресейде ешкілердің сұлулық байқауы өтті

Ресейдегі Удмуртия республикасында ешкілердің сұлулық байқауы өтті. Байқауда ең әдемі жануар анықталды. Иелері ешкілерге көйлектер мен белдемшелер кигізіп, көзілдірік тағып қойған. Шартқа сәйкес, иелері жануарлармен бірге...

Өткен тәулікте 1 837 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте елімізде 1 837 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-сұлтан қаласы - 251, Алматы қаласы - 520, Шымкент қаласы...

Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. Сапарда әкім Сорочинка ауылындағы су тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылуымен...

ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды

ШҚО Үржар ауданы Елтай ауылында арықтан 3 жастағы 2 баланың денесі табылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" altaynews.kz-ке сілтеме жасап. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,...

Алексей Цой 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін салдырды

Министр өзін жақсы сезінетінін, ешқандай реакция болмағанын айтты, - деп хабарлайды Orda.kz. Ол QazVac препаратының бірінші компонентін 26 сәуірде алған болатын. Сондай-ақ, білім министрі Асхат Аймағамбетов...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мемлекеттік органның...

Автомобильдерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және...

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бұл туралы KAZNEWS порталды хабарлады. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең жас крипто-валюта миллиардері...

Аида Балаева киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. А.Балаева министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру...

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Түріктерді мақтаған Қыдырәлі мен Қарақат елдің сынына қалды

Қыдырәлі мен Қарақат түріктерді мақтап, желі қолданушыларының сынына қалды, - деп хабарлайды oinet.kz. - Жақтырмай қараған бірде-бір түрік көрмедік. Ашуланып, қабағын түйіп, менсінбей қараған түрік...

Алматыда белгісіз біреулер Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен

Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3...

ІІМ мектепке апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады

Ішкі істер министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Жыл басында Министрлік Білім және ғылым...

Үндістандағы індет Ресейге жетті

Ресейде "Қара зең" инфекциясы, мукормикоз тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Известия басылымына сілтеме жасай отырып. Басылымның ақпаратына сәйкес, бұл инфекция мұрынға, көзге және тыныс алу жүйесіне...

Маусым айынан бастап 6 мың шақырымға жуық автожол ақылы болады

Маусым айынан бастап елімізде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым автожолдардың 18 ақылы учаскесі енгізіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ баспасөз қызметі. Соның ішінде мына жолдар ақылы...

Еліміздің үш аймағында аптап ыстық болады

Елімізде солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей...

Сәуірде қазақстандықтар 94 килограмнан астам алтын құйма сатып алған

2021 жылғы сәуірде қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 94,5 кг құйма алтын сатып алған, бұл туралы Kapital.kz...

Мектептерге арнайы күзет қойылмақ

Еліміздегі білім беру мекемелері арнайы күзеттің бақылауында болады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Білім беру ұйымдарының объектілері...

Алматыдағы сауда орталығының жанынан 49 жастағы ер адамның денесі табылды

Ер адамның мәйіті Наурызбай ауданында орналасқан "Апорт" сауда-ойын-сауық орталығы маңынан табылды, деп хабарлайды АА NewTimes.kz. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам кісі қолынан қаза тапқан. Оқиға...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы туралы мәлімет берілді. Tengrinews.kz сайтының жазуынша,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері –мемлекеттік...

«Президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған» – Берік Уәли

Мемлекет басшысының Баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні қалай өтетіні туралы сауалдарға жауап берді. «Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері...

Алаяқтық жасап, Америкаға қашып кеткен үш қазақстандық ұсталды

Америкаға бой тасалаған Қазақстанның үш азаматы ұсталып, елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. «Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық...

«URKER-2021»: өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2021» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар,...

МҚІА Президент сынға алған шенеуніктің қайта қызметке тағайындалуын түсіндірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Сайранбек Бармақовтың қайтадан қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, шенеунік Автомобиль жолдары комитеті төрағасы қызметінен өз қалауы бойынша...

Бағалау матрицасы: «қызыл» аймақтағы өңірлер саны азаяр емес

Коронавирус ахуалына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 17 мамырдағы жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды...

Ақтаудағы хайуанаттар бағында жануарларды өлтіріп, торға салып қойған

Ақтаудағы хайуанаттар бағына келушілер өліп қалған қояндарды көріп, видеоға түсіріп алған. Олар зообақта бұдан өзге тасбақалар мен аламандар да өліп жатқанын айтады, – деп...

1 қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу...

Үш айда елімізден 5,5 мың адам көшіп кеткен

Биылғы үш айда тұрақты тұру үшін Қазақстанға 2 мың адам келсе, көшіп-кеткендер саны – 5,5 мың адам. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық...

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі...

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтыпғаны расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 549 Алматы қаласы - 284 Шымкент қаласы -...

17 мамыр: атаулы күндер һәм маңызды оқиғалар

1936 жылы 17 мамырда Мәскеуде алғаш рет қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігі өткізілді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда Қазақстанның елшілігін ашу...

Мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты

Ауғанстан астанасындағы мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты. Қанды шабуылға байланысты жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған. TOLOnews мәліметінше, оқиға Кабул қаласының солтүстігінде орналасқан Шакар-Дара ауданындағы...

Батыс Қазақстанда полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Орал-Тасқала жолында...

Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды

  Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды. «Есіл» әуесқой командасы шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогын иеленді. Команда финалда «Qurman» командасынан басым түсті. Негізгі және қосымша...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өткен аптада еліміздің бірқатар өңірінде кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат 10-16 мамыр аралығындағы тағайындауларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық мемлекеттік органдардардан бастасақ, ҚР Үкіметінің қаулысымен...

Исландияда жаңа оянған жанартау сатылып жатыр

Исландияда наурыз айының соңында оянған Фаградальсфьядль жанартауы тұрған жердің иесі жер телімін вулканымен қоса сатуға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап. Жер телімі...

Мальдивте коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

Мальдивте індеттің таралуы бәсеңдемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Аралды елде күн сайын мыңға жуық адамнан вирус анықталып жатыр. Жергілікті билік жұқпалы кеселдің өршуіне...

Алматыдан 352 шақырым қашықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді. «Зілзала ошағы...

Хоккейден Қазақстан құрамасының бір ойыншысы коронавирус жұқтырды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының бір өкілінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты бүгін қазақстандық спортшылар Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуге шықпайды. Бұл ойын...

Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. 17 мамырда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады, шығыстан соғатын желдің күші секундына...

17 мамырдан бастап 14 күн оқшаулану міндеттеледі – Бас санитар дәрігер

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды. «Облыстардың, Алматы,...

«Ирина Қайратовна» тобымен аттас әйел өнер ұжымына алғыс айтты (видео)

«Ирина Қайратовна» атты топтың мүшелері өнер ұжымының неге бұлай аталатынын айтты. Ал "Қызық LIVE" телебағдарламасына арнайы келген Ирина Қайратқызы есімді әйел танымал топпен аттас...

Головкин ең үздік боксшылар рейтингінде Мұхаммед Әлиді басып озды

Boxrec.com салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) ең үздік боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды Sports.kz. Америкалық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздігі деп танылды. Екінші орынды Эззард...

«Үйімді сағынып кеттім». Алматы облысында әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген. Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі...

Қызылордада 24 жастағы жігіт катамараннан көлге құлап қайтыс болды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында катамараннан Ханқожа көлінен құлап кеткен жігіт қайтыс болды. ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм елді мекені тұсындағы Ханқожа көлінде болды....

Қытайда коронавирустың қайта өрши бастағаны тұрғындар арасында дүрбелең туғызды

Қытайдың Аньхой және Ляонин процинцияларында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, коронавирусқа қарсы жаппай екпе салғызуына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат...

Новосібірде қабір қазудан чемпионат өтті (видео)

Новосібірде қабір қазудан жарыс өтті. Шарт бойынша, қатысушылар тереңдігі екі метрге жуық қабір қазуы керек. Қазылар алқасы қазу жылдамдығын, сапасын және техникасын бағалады. Қабірлердің мөлшерін тексеру...

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретінде оның жездесі ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды polisia.kz. Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан А.Айтпаеваның...

Қазақ дроны сынақтан өтті

Бүгінде әлемдегі әскери күштердің басты қаруының бірі - ұшқышсыз ұшатын құралдар болып отырған кезде өз қарулы күштерін осындай құралдармен жабдықтауды өз алдарына басты мақсат...

Өзбек әншісі Юлдуз Усманованың Израиль туралы айтқанына қатаң жауап берілді

Осы аптада Израиль мен Палестинаның бір-біріне оқ жаудырғаны белгілі. Соған байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде бұл оқиғаға баға беріп, пікір айтып жатқандар көп. Міне осындай кезде...

«Ата-аналары алаяқты тәрбиелеген» деп полицияның намысына тигені үшін 20 күнге қамалды

Алматы облысында полицейлердің ар-намысына әлеуметтік желі арқылы нұқсан келтірген азамат 20 күнге қамалды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр күні Талдықорғандағы мамандандырылған...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның ісін Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауға алды

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға қатысты істі өз бақылауына алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Эльвира Әзимова қайғылы жағдайда қызынан...

Жеңіс Қасымбек биыл Қарағандыда кімдерге пәтер берілетінін айтты

Қарағанды обысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірде үй кезегінде тұрған азаматтарға 250 пәтер берілетінін Facebook-тегі парақшасында жазды. «Бүгін жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барып, онда...

«Бүркітке тұрмысқа шығар алдында, Исламды қабылдап, Аиша атандым» – танымал өнер жұбы сырын айтты

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта бұрын айтылмаған сырларымен бөлісті. Сұхбат барысында Аиша Ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты. Stan.kz сайтының жазуынша, Аиша...

Бір өңірде карантин 30 мамырға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыстық ССК ресми сайты. Құжаттың мәтініне сәйкес, ШҚО-да карантин...

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ақпаратты экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Адвокаттың айтуынша, 11...

Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады

14-16 мамыр аралығында Air Astana әуе компаниясынан 50% жеңілдікпен Батуми, Бішкек, Душанбе, Киев, Ташкент, Тбилиси және Франкфурт қалаларына билет сатып алуға болады. Air Astana авиакомпаниясы...

Сәкен Майғазиев 91 тобының экс-солисі мен Ерке Есмаханның некелескеніне қатысты пікір айтты

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесіп, ерлі-зайыпты атанды. Бірақ бұл жаңалықты екеуі де жария еткен жоқ. Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарамасында айтылды, - деп хабарлайды stan.kz. Ерке жолдасынан...

«Америка үшін ұлы күн». Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып. АҚШ ауруларды бақылау...

Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі....

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжат жеткізу қызметі іске қосылды

"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды holanews.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сервисте 144 қызмет бар,...

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің...

Еліміздегі «еститін» министрліктердің рейтингі жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстанатын министрліктердің рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды...

ҰБТ-да 137 балл жинаған түлек мұғалім болуды армандайтынын айтты

"Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып,...

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері...

«Басын аялдамаға ұрған». Алматы облысында жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдер іздестіріліп жатыр

13 мамыр күні кешқұрым Алматы маңында 16 жастағы қызды екі ересек әйел ұрып-соққан, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Оқиға сағат 18:35 шамасында Боралдай кентінде Космонавттар көшесіндегі...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаевамен қоштасуға бүкіл ауыл жиналды

Грузия астанасында қайтыс болған 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі жер қойнына берілді.  Оны ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл тұрғындары келді, деп хабарлайды КТК. Басқа...

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. Бұл туралы ол 14 мамырда өткен баспасөз...

60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды

Антикор қызметкері 12 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме...

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Жүк рейсі Делиге 14 мамырда...

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды echo.msk.ru. Аукционды "Кристи" аукцион үйі өткізді. Сауда-саттық басталар алдында сарапшылар "Терезе алдында отырған әйел"...

Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді. 17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері,...

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін 53 лицензия жеңіп...

Алматыда көлікпен жарысқан жастарға 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілерге 1,6 млн теңге айыппұл салынды. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мұндай жарыстарды көбіне жастар ұйымдастырады. «Жастар қауіп төндіріп,...

Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты

Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады. Орталық директоры Александр Гинцбург препарат...

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өтетінін айтты. «Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде...

NASA диаметрі 200 метр астероидтың жерге жақындағанын ескертті

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) диаметрі 88-ден 200 м-ге дейінгі астероидтың жерге жақындағанын ескертті, деп хабаррлайды ТАСС агенттігі. NASA-ның жерге...

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 2549 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 452, Алматы қаласы - 557, Шымкент қаласы - 125, Ақмола облысы -...

14 мамыр: маңызды оқиғалар күнтізбесі

1869 жылы 14 мамырда Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды. 1869 жылдың 28 мамырында (ескіше қазақ күнтізбесі) басталған. Бұл күні «Ақтөбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі...

Анасымен ұрсысып қалған: Таразда мектеп оқушысы үйінен қашып кетті

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыздың жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған. Жасөспірім отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кеткен, содан қайтып оралмаған. «Кәмелет жасына толмаған қызды Жамбыл...

БҚО-да киіктер неден қырылуы мүмкін – министрлік пікір білдірді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуының болжамды себебін атады. 2021 жылдың...

Сот шешімі: Атырауда анасына қол көтерген азамат қамалды

Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды. Облыстық полиция департаментiнің мәліметінше, 46 жастағы ер адам ішімдікке «тойып» алып, анасы қол көтерген. «Егде жастағы әйелден «102»...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

«Қазгидромет» РМК 14-мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін солтүстік-батыс антициклоны әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің...

Үш жүз жетпістен аса ақбөкен неден қырылды?..

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында өліп жатқан 372 ақбөкен табылды. Алдын ала болжам бойынша оларды жасын соғып өлтірген», − деп жазады azh.kz сайты. − Біздің...

Шығынға батқан қазақстандық әуе компанияларында қысқарту жүре ме?..

Биыл Қазақстанда авиация саласының шығыны 47,7 млрд долларға жетуі мүмкін. Еліміздегі әуе компаниялардың қаржылық көрсеткіштері осындай болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы басталған пандемиядан...