23 Мамыр 2017, 16:08 510 0 Жаһан Ақниет ОСПАНБАЙ

Манчестердегі жарылысты ДАИШ мойнына алды

22 адамның өмірін қиған Манчестердегі жарылыс жауапкершілігін ДАИШ террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) мойнына алды, деп хабарлайды Росбалт.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, лаңкестердің сәйкес видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған. «Манчестер Арена» стадионында әнші Ариана Гранденің концертінен кейін жарылыс болып, оқиға салдарынан 22 адам опат болып, 59 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Reuters агенттігінің мәліметінше, көрермендер арасында балалар мен жеткіншектер көп болған.

Оқиға куә болушылардың айтуынша, жарылыс концерт аяқталғаннан кейін көрермен орындарынан тұрған кезде жасалған. Полиция қызметкерлері жарылысты жанкешті жасаған деп болжап отыр. Алаңда іске қосылған жарылғыш құрылғы стадионның кіре беріс бөлігін күл талқан еткен, деп хабарлайды news.com.au. Алдын ала таратылған ақпаратқа сәйкес, 22 мамыр күні Ұлыбританиядағы Манчестер стадионында болған жарылыс салдарынан опат болып, зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ.

 

 

Соңғы жаңалықтар