Қазақстандықтар ұшуға қойылған шектеуді әуежайда алып тастай алады

Қазақстандықтар ұшуға қойылған шектеуді әуежайда алып тастай алады

Қазақстандықтар ұшуға қойылған шектеуді әуежайда алып тастай алады
ашық дереккөзі
230
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап азаматтар онлайн-режімде айыппұл төлеп, ұшуға қойылған шектеуді бірден алып тастай алады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Енгізілгелі отырған тағы бір жақсы жаңалық ұшуға шектеу қойылған жағдайда айыппұлды өтеу мәселесі болмақ. Бүгінгі күні азаматтар кедендік бақылаудан өту барысында оларға ұшуға шектеу қойылғандығы туралы ақпараттың беріліп жататындығын білеміз», - деп атап өтті ол. Корпорация басшысының айтуынша, осы мәселені шешуге бағытталған жұмыстар бүгінгі күні жүргізіліп жатыр. «Бүгінгі күні Әділет министрлігімен және «Қазпошта» АҚ-ымен бірлесіп, бұл мәселе талқыланды. Маусым айынан бастап азаматтар айыппұлдарды онлайн-режімде бірден төлеу мүмкіндігін алады және ұшуға қойылған шектеу бірден алынып тасталады. Бұл қызмет түрін Қазпошта осы жылдың маусым айынан бастап іске қосуды жоспарлап отыр», - деді Абылайхан Оспанов.

Серіктес жаңалықтары