383
"Ойыңды өзгерт, өміріңді өзгерт"
"Ойыңды өзгерт, өміріңді өзгерт"
Бүгін Кәмшат Бекжігітованың "Ойыңды өзгерт, өміріңді өзгерт" атты кітабының тұсауы кесілді. Бұл психологиялық көмек көрсететін еліміздегі алғашқы кітаптардың бірі.
Кітаптың алғашқы тұсаукесері танымал психолог Брайан Трейсидің Алматыда өткен семинарында кесілген. Осы сәттен бастап бұл кітап қалың оқырманның қолына 100 мың данамен тарады.
Кітап туралы жазушы Сансызбай Нұрбаба : "бұл кітап қазақ халқына жіберілген олжа", - деп өз пікірін айтса, журналист Ирина Советжан: "Кәмшат кітабында адам ойын өзгертуі арқылы өмірін өзгерте алатынына сендіреді, мен сендім", - дейді. Ал психолог Ермек Нұрымов өз сөзінде, дәл қазіргі уақытта қазақ тіліндегі ең пайдалы дүниенің бірі жарық көргендігін айтады.